https://sputnik.kz/20250923/turkistan-oblysynda-nauqasqa-asyqqan-darigerge-ayyppul-salyndy-sot-khattama-kushin-zhoydy-57312196.html
Түркістан облысында науқасқа асыққан дәрігерге айыппұл салынды: сот хаттама күшін жойды
Түркістан облысында науқасқа асыққан дәрігерге айыппұл салынды: сот хаттама күшін жойды
Sputnik Қазақстан
Дәрігерге 29 маусымда айыппұл салынған 23.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-23T15:47+0500
2025-09-23T15:47+0500
2025-09-23T15:49+0500
түркістан
дәрігер
айыппұл
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a14ba9aa1ae67b96e388563160da2025.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында науқасқа ота жасауға асығып, айыппұл арқалаған дәрігерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.Дәрігерге 29 маусымда айыппұл салынған.Қалалық орталық аурухананың кардиохирургы ауруханаға асыққан. Өйткені асқынған "миокард инфаркті" диагнозы бар науқастың жүрегіне шұғыл түрде ота жасау керек болған.Жағдайды айтып түсіндірген дәрігерге полиция өкілдері қызметтік көлікпен қоса еріп жүруге ұсыныс жасаған."Алайда полиция қоса ерген дәрігердің көлігі жылдамдықты асырғаны үшін жол камерасына түсіп қалады. Сол себепті оған айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған", - дейді ведомстводағылар.Осылайша дәрігердің мәселесі сотта қаралды.Нәтижесінде, дәрігердің жасаған отасы туралы дәлелді негізге алып, сот жылдамдық үшін салынған айыппұлдың күшін жойды. Ал көлік әйнегіндегі пердеге салынған айыппұлды дәрігер өз еркімен төлеген.
https://sputnik.kz/20250730/ar-namysyna-tigen-ayyppul-arqalagan-er-adam-konstitutsiyalyq-sottan-arasha-surady-56035922.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_98ac88987988f83c83e2ac43949d2452.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, дәрігер, айыппұл
түркістан, дәрігер, айыппұл
Түркістан облысында науқасқа асыққан дәрігерге айыппұл салынды: сот хаттама күшін жойды
15:47 23.09.2025 (жаңартылды: 15:49 23.09.2025) Дәрігерге 29 маусымда айыппұл салынған
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында науқасқа ота жасауға асығып, айыппұл арқалаған дәрігерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Дәрігерге 29 маусымда айыппұл салынған.
Қалалық орталық аурухананың кардиохирургы ауруханаға асыққан. Өйткені асқынған "миокард инфаркті" диагнозы бар науқастың жүрегіне шұғыл түрде ота жасау керек болған.
"Полиция қызметкерлері дәрігердің көлік әйнектеріне перде орнатқаны үшін тоқтатып, ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған", - дейді соттағылар.
Жағдайды айтып түсіндірген дәрігерге полиция өкілдері қызметтік көлікпен қоса еріп жүруге ұсыныс жасаған.
"Алайда полиция қоса ерген дәрігердің көлігі жылдамдықты асырғаны үшін жол камерасына түсіп қалады. Сол себепті оған айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған", - дейді ведомстводағылар.
Осылайша дәрігердің мәселесі сотта қаралды.
Нәтижесінде, дәрігердің жасаған отасы туралы дәлелді негізге алып, сот жылдамдық үшін салынған айыппұлдың күшін жойды. Ал көлік әйнегіндегі пердеге салынған айыппұлды дәрігер өз еркімен төлеген.