https://sputnik.kz/20250730/ar-namysyna-tigen-ayyppul-arqalagan-er-adam-konstitutsiyalyq-sottan-arasha-surady-56035922.html
"Ар-намысына тиген": айыппұл арқалаған ер адам Конституциялық соттан араша сұрады
"Ар-намысына тиген": айыппұл арқалаған ер адам Конституциялық соттан араша сұрады
Sputnik Қазақстан
Сот арызданушыға шағымда адамның намысына тиетін сөздерді жазуға болмайтынын еске салды 30.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-30T11:49+0500
2025-07-30T11:49+0500
2025-07-30T11:49+0500
конституциялық кеңес
сот
сот шешімі
шағым
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0b/51514287_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_fac820b5af8d73267c8e0f3a7f2f9a7a.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Конституциялық сот арыз-шағымда адамның ар-намысына тиетін сөздерді жазуға тыйым салатын ереженің Ата заңға сәйкестігін тексеруден бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың ресми сайтына сілтеме жасап.Облыстардың бірінде ер адам білім басқармасына "E-otinish" жүйесі арқылы шағым түсірген. Онда лауазымды тұлғаны қызметінен босатуды сұрап, шындыққа сәйкес келмейтін және аталған тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді көрсеткен. Кейіннен сот өтініш берушінің бұл әрекетін әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саралап, жауапкершілікке тартқан.Ал апелляциялық және кассациялық сатыларда сот шешіміне қатысты шағымы қанағаттандырылған жоқ. Осыдан кейін айыппұл арқалаған ер адам Конституциялық сотқа өтініш жазып, арыз-шағымда адамның ар-намысына тиетін сөздерді жазуға салынған тыйымның Ата заңымызға сәйкестігін тексеріп шығуды сұраған.Оның пікірінше мемлекеттік органдарға ұжымдық және жеке өтініш жолдау құқығын кепілдік ететін Конституцияның 33-бабына сәйкес ашық пікір білдіру жауапкершілікке әкеп соқпауға тиіс.Конституциялық сот өтінішті қараудан бас тартып, нақты себебін түсіндірді."Адам өзінің Конституциялық құқығын басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбай пайдалану керек. Мемлекеттік органға жүгіну адамды шындыққа сәйкес келмейтін және ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершіліктен босатпайды", - делінген сот жауабында.
https://sputnik.kz/20221211/khalyq-mal-bolyp-ketken-auyl-akimi-tagy-da-turgyndardyn-ashuyna-tidi-30249551.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0b/51514287_172:0:1132:720_1920x0_80_0_0_102414946086d16b82a1982a9324faee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
конституциялық кеңес, сот, сот шешімі, шағым
конституциялық кеңес, сот, сот шешімі, шағым
"Ар-намысына тиген": айыппұл арқалаған ер адам Конституциялық соттан араша сұрады
Сот арызданушыға шағымда адамның намысына тиетін сөздерді жазуға болмайтынын еске салды
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Конституциялық сот арыз-шағымда адамның ар-намысына тиетін сөздерді жазуға тыйым салатын ереженің Ата заңға сәйкестігін тексеруден бас тартты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан соттың ресми
сайтына сілтеме жасап.
Облыстардың бірінде ер адам білім басқармасына "E-otinish" жүйесі арқылы шағым түсірген. Онда лауазымды тұлғаны қызметінен босатуды сұрап, шындыққа сәйкес келмейтін және аталған тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді көрсеткен. Кейіннен сот өтініш берушінің бұл әрекетін әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саралап, жауапкершілікке тартқан.
Ал апелляциялық және кассациялық сатыларда сот шешіміне қатысты шағымы қанағаттандырылған жоқ. Осыдан кейін айыппұл арқалаған ер адам Конституциялық сотқа өтініш жазып, арыз-шағымда адамның ар-намысына тиетін сөздерді жазуға салынған тыйымның Ата заңымызға сәйкестігін тексеріп шығуды сұраған.
Оның пікірінше мемлекеттік органдарға ұжымдық және жеке өтініш жолдау құқығын кепілдік ететін Конституцияның 33-бабына сәйкес ашық пікір білдіру жауапкершілікке әкеп соқпауға тиіс.
Конституциялық сот өтінішті қараудан бас тартып, нақты себебін түсіндірді.
"Адам өзінің Конституциялық құқығын басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбай пайдалану керек. Мемлекеттік органға жүгіну адамды шындыққа сәйкес келмейтін және ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершіліктен босатпайды", - делінген сот жауабында.