https://sputnik.kz/20250923/reseyde-sirek-kezdesetin-khalyq-kuyi-tabyldy-57313753.html
Ресейде сирек кездесетін халық күйі табылды
Ресейде сирек кездесетін халық күйі табылды
Sputnik Қазақстан
Құнды мұралар "Архив–2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылған 23.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-23T18:20+0500
2025-09-23T18:20+0500
2025-09-23T18:20+0500
қазақстан
ресей
күй
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17364616_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_f4cc7e97e74e4b978458ebd3ddd383af.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресей Федерациясының архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінде сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі "Естек" пен Мұхит Мералыұлының әйгілі "Зәуреш" әні сақталған. Бұл құнды мұралар "Архив–2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылған болатын.Сол жылдары "Известия" газетінде Н.Изгоевтің мақаласы да жарияланған."Қазақтар қазаққа ғана емес, бәріне де түсінікті өнер алып келді... Қазақтардың созылған әндерінен біз ақселеулі даланың үнін естідік", – деп жазды ол.Ресейде табылған тарихи жазбалар ресми түрде Ұлттық архивтің қорына да енгізілді.
https://sputnik.kz/20250320/bir-millionga-zhuyq-bala-bir-mezette-kuy-tartty-51804929.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17364616_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_925ab6559cea6eeb98cba0f1d10089e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, күй
Ресейде сирек кездесетін халық күйі табылды
Құнды мұралар "Архив–2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылған
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресей Федерациясының архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігінің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінде сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі "Естек" пен Мұхит Мералыұлының әйгілі "Зәуреш" әні сақталған. Бұл құнды мұралар "Архив–2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылған болатын.
"Кей деректерге сүйенсек, сирек жазбалар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген. Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, сол кезеңде ұлттық өнердің бүкіл Одақ көлемінде жоғары бағаланғанын айғақтайды", - делінген ресми хабарламада.
Сол жылдары "Известия" газетінде Н.Изгоевтің мақаласы да жарияланған.
"Қазақтар қазаққа ғана емес, бәріне де түсінікті өнер алып келді... Қазақтардың созылған әндерінен біз ақселеулі даланың үнін естідік", – деп жазды ол.
Ресейде табылған тарихи жазбалар ресми түрде Ұлттық архивтің қорына да енгізілді.