https://sputnik.kz/20250320/bir-millionga-zhuyq-bala-bir-mezette-kuy-tartty-51804929.html
Бір миллионға жуық бала бір мезетте күй тартты
Бір миллионға жуық бала бір мезетте күй тартты
Sputnik Қазақстан
Челлендждің ең кішкентай қатысушысы 4 жаста 20.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-20T17:32+0500
2025-03-20T17:32+0500
2025-03-20T17:32+0500
оқу-ағарту министрлігі
күй
жастар
https://sputnik.kz/img/07e9/03/14/51806238_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_b4aefc54b5fb2bfdb0413bd2db7b48d3.jpg
АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. ️Еліміздің түкпір-түкпірінен бір мезетте 1 миллионға жуық оқушы қазақтың күйін күмбірлетті. "Адал азамат" біртұтас тәрбие және "Наурызнама" іс-шаралары аясында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында "Күй күмбірі" республикалық челленджі өтті. Өнерлі жастар "Балбырауын", "Адай", "Сарыарқа", "Тепең көк", "Әлқисса", "Ерке сылқым" сынды ел ішінде белгілі күйлерді күмбірлетті. Салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік мектеп оқушыларын, колледж студенттерін тіпті балабақша тәрбиеленушілерін де бір мақсатқа тоғыстырған. Алматы қаласы Бостандық ауданының 1000 оқушысы ашық аспан астында атақты күйлерді орындады. Ал Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар қобыз, дауылпаз сияқты ежелгі ұлттық аспаптарда танымал композицияларды әуелетті."Күй күмбірі" челленджі алғашқы рет 2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген болатын. Республикалық акцияның мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қаситеттерін қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау және балалар арасында домбыра аспабын насихаттау.
https://sputnik.kz/20250318/astanada-3-mynnan-astam-oqushy-bir-mezgilde-qamazhaydy-biledi-51719768.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/14/51806238_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_9bade89129b09bac8c2d0f93e44bc047.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу-ағарту министрлігі, күй, жастар
оқу-ағарту министрлігі, күй, жастар
Бір миллионға жуық бала бір мезетте күй тартты
Челлендждің ең кішкентай қатысушысы 4 жаста
АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. ️Еліміздің түкпір-түкпірінен бір мезетте 1 миллионға жуық оқушы қазақтың күйін күмбірлетті. "Адал азамат" біртұтас тәрбие және "Наурызнама" іс-шаралары аясында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында "Күй күмбірі" республикалық
челленджі өтті.
Өнерлі жастар "Балбырауын", "Адай", "Сарыарқа", "Тепең көк", "Әлқисса", "Ерке сылқым" сынды ел ішінде белгілі күйлерді күмбірлетті. Салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік мектеп оқушыларын, колледж студенттерін тіпті балабақша тәрбиеленушілерін де бір мақсатқа тоғыстырған.
"Челлендждің ең кішкентай қатысушысы - 4 жастағы Жұмабек Самир. Ол Қостанай облысы Қарабалық ауылындағы "Айналайын" балабақшасының тәрбиеленушісі", - деп жазады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. ️
Алматы қаласы Бостандық ауданының 1000 оқушысы ашық аспан астында атақты күйлерді орындады.
Ал Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар қобыз, дауылпаз сияқты ежелгі ұлттық аспаптарда танымал композицияларды әуелетті.
"Күй күмбірі" челленджі алғашқы рет 2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген болатын. Республикалық акцияның мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қаситеттерін қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау және балалар арасында домбыра аспабын насихаттау.