Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу тоқтатылады - министр себебін түсіндірді

© Sputnik / Виталий БелоусовАзық-түлік себеті
Азық-түлік себеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жазылу
Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі бойынша баға мемлекет тарапынан бақыланады
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу қашан тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі бойынша баға мемлекет тарапынан бақыланады. Ондай тауарлардың өз бағасына 15 проценттік үстемеқыдан артық қосуға тыйым салынған.
Арман Шаққалиевтің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу - ескінің сарқыншағы.
"Біз тізімдер жасап, өнім өндірушілерге баға мен үстемеақыны белгілеуге қатысты талап қоямыз. Бұның барлығы - ескінің сарқыншағы. Біз нарықтық тетіктерге көшіп жатырмыз”,-деді Шаққалиев бүгінгі брифингте.
Ол үшін Ақкөл, Павлодар мен Көкшетауда пилоттық жоба қолға алынған болатын. Жоба аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға ваучерлер таратылады. Оған азық-түлікті делдалсыз сатып алуға болады.
"Бұл әлдеқайда тиімді модель. Өнім өндірушілер де, тұтынушылар да реттеу жағынан көп қысым көрмейді. Пилоттық жобы жылдың соңына дейін сынақтан өткізіледі. Ал 2026 жылы барлық өңірде кезең-кезеңімен енгізіле бастайды", - деді Шаққалиев.
Пилоттық жоба толығымен енгізілгенге дейін мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттей береді.
Покупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Азық-түлік бағасы бір айда қалай өзгерді – статистика жарияланды
Жаңалықтар
0