https://sputnik.kz/20250805/azyq-tulikti-deldalsyz-satyp-alu-zhuyesi-qalay-zhumys-isteydi-56173809.html
Азық-түлікті делдалсыз сатып алу жүйесі қалай жұмыс істейді
Азық-түлікті делдалсыз сатып алу жүйесі қалай жұмыс істейді
Sputnik Қазақстан
Ваучер алатын адам "Отбасының цифрлық картасы" жүйесі арқылы анықталады 05.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-05T15:33+0500
2025-08-05T15:33+0500
2025-08-05T15:33+0500
азық-түлік
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/03/12/51700634_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_bd8ece1d0c3ddc571536bd4044dd5ce0.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Үкіметтің бүгінгі отырысында азық-түлікті делдалсыз сатып алу жүйесі таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жоба аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға ваучерлер таратылады. Оған азық-түлікті делдалсыз сатып алуға болады."BTS Digital" компаниясы директорының міндетін атқарушы Ержігіт Балқыбековтың айтуынша, ваучер алатын адам "Отбасының цифрлық картасы" жүйесі арқылы анықталады. Ал есеп айырысу әлеуметтік әмиянмен жасалады.Ваучерді пайдалану үшін әлеуметтік әмиянға кіріп, азық-түлік ваучерін таңдау қажет. Оның ішінде ваучер сомасы, қатысушы дүкендердің тізімі және әлеуметтік маңызы бар тауарлар көрсетіледі."Әрбір отбасы мүшесіне ваучер сомасын анықтау кезінде 1 айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Мәселен, көмек алушы отбасыда төрт адам болса, ваучер сомасы шамамен 16 мың теңге болады. Ол тек дүкенде жеңілдікпен тауар алуға жарамды. Мысалы, дүкенде нан бағасы 200 теңге болса, ваучермен бұл баға 180 теңге болады. Сонда 20 теңге айырмасы ваучер сомасынан шегеріледі. Ал 180 теңгені адам өзі төлейді", - деп атап өтті Балқыбеков.Айта кетері, бұл жүйе алдымен пилоттық жоба аясында сынақтан өткізіледі. Ақкөл қаласында тамыз айында, ал Көкшетау мен Павлодар қалаларында қыркүйек айында іске қосу жоспарланған. Сол кезде барлығы 5 мың адамға ваучер таратылады. Ал пилоттық жоба сәтті іске асса, барлық республика бойынша қолға алынады.
https://sputnik.kz/20250805/ush-qalada-5-myn-adamga-azyq-tulikti-oz-bagasyna-satyp-aluga-mumkindik-beriledi-56163974.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/12/51700634_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_78030a19d8189369550f9af99e524a51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік, үкімет
Азық-түлікті делдалсыз сатып алу жүйесі қалай жұмыс істейді
Ваучер алатын адам "Отбасының цифрлық картасы" жүйесі арқылы анықталады
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Үкіметтің бүгінгі отырысында азық-түлікті делдалсыз сатып алу жүйесі таныстырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоба аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға ваучерлер таратылады. Оған азық-түлікті делдалсыз сатып алуға болады.
"BTS Digital" компаниясы директорының міндетін атқарушы Ержігіт Балқыбековтың айтуынша, ваучер алатын адам "Отбасының цифрлық картасы" жүйесі арқылы анықталады. Ал есеп айырысу әлеуметтік әмиянмен жасалады.
"Әрбір адамға хабарлама жіберіледі. Одан кейін ваучерге активация жасап, дүкен кассасында QR-кодты көрсету арқылы азық-түлікті төмендетілген бағамен сатып алады. Дүкен көмек алушыларға тауарды жеңілдетілген және сауда үстемесіз бағамен сатады", - деді Балқыбеков.
Ваучерді пайдалану үшін әлеуметтік әмиянға кіріп, азық-түлік ваучерін таңдау қажет. Оның ішінде ваучер сомасы, қатысушы дүкендердің тізімі және әлеуметтік маңызы бар тауарлар көрсетіледі.
"Әрбір отбасы мүшесіне ваучер сомасын анықтау кезінде 1 айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Мәселен, көмек алушы отбасыда төрт адам болса, ваучер сомасы шамамен 16 мың теңге болады. Ол тек дүкенде жеңілдікпен тауар алуға жарамды. Мысалы, дүкенде нан бағасы 200 теңге болса, ваучермен бұл баға 180 теңге болады. Сонда 20 теңге айырмасы ваучер сомасынан шегеріледі. Ал 180 теңгені адам өзі төлейді", - деп атап өтті Балқыбеков.
Айта кетері, бұл жүйе алдымен пилоттық жоба аясында сынақтан өткізіледі. Ақкөл қаласында тамыз айында, ал Көкшетау мен Павлодар қалаларында қыркүйек айында іске қосу жоспарланған. Сол кезде барлығы 5 мың адамға ваучер таратылады. Ал пилоттық жоба сәтті іске асса, барлық республика бойынша
қолға алынады.