https://sputnik.kz/20250922/ubt-tubegeyli-ozgeredi--ministr-57275244.html
ҰБТ түбегейлі өзгереді – министр
ҰБТ түбегейлі өзгереді – министр
Sputnik Қазақстан
Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесі қайта қаралады 22.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-22T12:20+0500
2025-09-22T12:20+0500
2025-09-22T12:20+0500
ұбт
саясат нұрбек
ақш
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958767_0:33:2945:1689_1920x0_80_0_0_2989a981ad3faef089439dcf5cef2a6e.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. ҰБТ-ның сапасын арттыру жұмысына әлемнің ең мықты компаниясы тартылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жасаған жұмыс сапары барысында Educational Testing Service (ETS) компаниясының басшылығымен кездескен болатын. Бүгінде компания жыл сайын әлем бойынша 180 мемлекетке 50 миллионнан астам тест әзірлейді. Сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіне арналған бейіндік шешімдерді ұсынады. Ал Қазақстан тарапынан компанияның тәжірибесін пайдалануға қызығушылық бар.Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, 80 жылдық тарихы бар ғылыми орталық тестерді әзірлеп қана қоймай, тестологияны зерттеумен де айналысады.Келесі айда зерттеушілердің үлкен делегациясы Қазақстанға келеді. Олар ҰБТ-ның трансформациясын жасайды."Біз ҰБТ-ны ең сапалы сұрақтары бар халықаралық тестке айналдырамыз", - деп атап өтті министр.
https://sputnik.kz/20250520/ubt-dan-en-zhogary-140-upaydy-ordabasylyq-oqushy-zhinady-53699432.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958767_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_baa80b73b10a8d76a21048604a44a4ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, саясат нұрбек, ақш
ҰБТ түбегейлі өзгереді – министр
Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесі қайта қаралады
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. ҰБТ-ның сапасын арттыру жұмысына әлемнің ең мықты компаниясы тартылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жасаған жұмыс сапары барысында Educational Testing Service (ETS) компаниясының басшылығымен кездескен болатын. Бүгінде компания жыл сайын әлем бойынша 180 мемлекетке 50 миллионнан астам тест әзірлейді. Сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіне арналған бейіндік шешімдерді ұсынады. Ал Қазақстан тарапынан компанияның тәжірибесін пайдалануға қызығушылық бар.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, 80 жылдық тарихы бар ғылыми орталық тестерді әзірлеп қана қоймай, тестологияны зерттеумен де айналысады.
"Біздің ұлттық бірыңғай тестілеудің сапасын күрт өзгерту мен мазмұнын толыққанды қарастыру шаралары осы ең ірі, ең атақты тестология орталығымен бірге атқарылады. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. ETS-тің ең мықты мамандарын тарта отырып, ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесі қайта қаралады", - дейді Нұрбек.
Келесі айда зерттеушілердің үлкен делегациясы Қазақстанға келеді. Олар ҰБТ-ның трансформациясын жасайды.
"Біз ҰБТ-ны ең сапалы сұрақтары бар халықаралық тестке айналдырамыз", - деп атап өтті министр.