Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да ең жоғары 140 ұпайды жинады

© Photo : акимат Туркестанской областиҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпайды ордабасылық оқушы жинады
ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпайды ордабасылық оқушы жинады - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғарғы 140 балл жинаған оқушы Түркістан облысында тұрады.
Жәнібек Әбілхан - Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі.
Жәнібек бұл мектеп-гимназияда 1-ші сыныптан бастап білім алып келеді.
Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған.

"Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек бала күнінен ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі - табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі", - деп жазды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ҰБТ-2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
ҰБТ-2025: Қазақстанда тестілеудің негізгі кезеңі басталды
Жаңалықтар
0