Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2025
Жазылу
Президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына ерекше назар аударылды.
Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2025
Әлемге әйгілі PepsiCo бренді Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт салады
Жаңалықтар
0