https://sputnik.kz/20250922/astanada-14-adam-adam-ustaldy-ishki-ister-ministrligi-sebebin-aytty-57270270.html
Астанада 14 адам ұсталды: Ішкі істер министрлігі себебін айтты
Астанада 14 адам ұсталды: Ішкі істер министрлігі себебін айтты
Sputnik Қазақстан
Қылмысты ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды 22.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-22T09:39+0500
2025-09-22T09:39+0500
2025-09-22T10:12+0500
астана
қылмыс
бопсалау
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_0:160:3075:1890_1920x0_80_0_0_45e169df0dc2db6971df2ff8d6950af1.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Астанада превентивтік негізде қылмысты анықтау және бейтараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.Қыркүйек айында полиция қызметкерлері өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, қорқытып ақша алған елорда тұрғынын ұстады. Күдіктіден жалған куәлік тәркіленді.Cондай-ақ Астанада әлеуметтік желілер арқылы бопсалау сызбасын ұйымдастырған, бұрын сотталған әйелдің әрекетінің жолы кесілді. Күдікті танысып, кездесуге барып, зорланғаны туралы жалған арызбен полицияға жүгінемін деп ер адамдарды қорқытқан. Ол ұсталып, жауапкершілікке тартылды.Одан бөлек, 25 жастағы ер адам ұсталды. Ол күш қолданамын деп қорқытып, бопсалаумен айналысқан. Ұстау кезінде одан атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынды.Жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының шағымдарын тексеру барысында "Лазурный квартал", "Дипломат" және "Мисон" тұрғын үй кешендерінде қыздарды жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырған топ анықталды.
https://sputnik.kz/20250913/almatyda-17-zhyl-buryn-adam-oltirdi-degen-kudikke-ilingen-sheteldik-ustaldy-57043757.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_c3efff6f4e777575dd972e23bb5364fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, қылмыс, бопсалау
Астанада 14 адам ұсталды: Ішкі істер министрлігі себебін айтты
09:39 22.09.2025 (жаңартылды: 10:12 22.09.2025) Қылмысты ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Астанада превентивтік негізде қылмысты анықтау және бейтараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды
Polisia.kz. "Барлығы 14 адам ұсталды, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қыркүйек айында полиция қызметкерлері өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, қорқытып ақша алған елорда тұрғынын ұстады. Күдіктіден жалған куәлік тәркіленді.
Cондай-ақ Астанада әлеуметтік желілер арқылы бопсалау сызбасын ұйымдастырған, бұрын сотталған әйелдің әрекетінің жолы кесілді. Күдікті танысып, кездесуге барып, зорланғаны туралы жалған арызбен полицияға жүгінемін деп ер адамдарды қорқытқан. Ол ұсталып, жауапкершілікке тартылды.
Одан бөлек, 25 жастағы ер адам ұсталды. Ол күш қолданамын деп қорқытып, бопсалаумен айналысқан. Ұстау кезінде одан атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынды.
Жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының шағымдарын тексеру барысында "Лазурный квартал", "Дипломат" және "Мисон" тұрғын үй кешендерінде қыздарды жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырған топ анықталды.