Алматыда 17 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды

© Photo : Пресс-служба МВД РКВ Казахстане задержан член ОПГ "Камчыбека Кольбаева"
В Казахстане задержан член ОПГ Камчыбека Кольбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2025
Жазылу
Күдікті Қамшыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына мүше болған
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын Алматыда ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Ол 17 жыл бұрын Бішкек қаласында адам өлтірді деген күдікке ілінген. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше күдікті Қамшыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына мүше", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы, қыркүйек айында іздеуде жүрген 81 адам ұсталып, хабар-ошарсыз кеткен 58 адамның орналасқан жері анықталды.
Бұдан басқа, ТМД елдері мен алыс шет елдер үшін 28 қылмыскер ұсталды. Астана қаласында 12 жылдан бері іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды. Ол сол елдің азаматынан жүз елу мың АҚШ долларын бопсалап алған.
Жаңалықтар
0