Алматыда қоқыс полигонындағы өрт сөндірілді

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаСотрудники МЧС тушат пожар на полигоне в Алматы
Сотрудники МЧС тушат пожар на полигоне в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2025
Жазылу
Тілсіз жауды жоюға бірнеше ведомство жұмылдырылған
АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматыда қоқыс полигонындағы өрт бірнеше күннен кейін сөндірілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толықтай сөндірілді. Тілсіз жауды жоюға бірнеше ведомство жұмылдырылған.
"Олардың қатарында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары бар", - дейді министрлік.
Сондай-ақ 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары жұмылдырылды.
Сейсмотренировка в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2025
Маңғыстаудағы битум зауытынан өрт шықты
Жаңалықтар
0