Маңғыстаудағы битум зауытынан өрт шықты

© Sputnik/Ертай СарбасовСейсмотренировка в Алматы
Сейсмотренировка в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2025
Жазылу
Зардап шеккендер жоқ
АЛМАТЫ, 6 қыркүйек - Sputnik. Ақтаудағы "Caspi Bitum" ЖШС зауытында өрт шықты, деп хабарлайды lada.kz.
Оқиға 6 қыркүйек таңертең болған. Өрт атмосфералық колоннаға жеткізуші құбырдан шыққан.
"Өрт туралы шақырту сағат 08:05-те келді. Сағат 08:32-де өрт ошағы кәсіпорынның стационарлық өрт сөндіру жүйесі арқылы толығымен сөндірілді. Сондай-ақ өртті өшіруге "Семсер-Өрт Сөндіруші" ЖШС және төтенше жағдайлар департаментінің қалалық өрт сөндіру қызметі қатысты", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Компанияның хабарлауынша, өрт тез арада сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Кәсіпорынның өндірістік процесіне кедергі болмаған.
Жаңалықтар
0