Әлеуметтік қолдау алатын азаматтардың тізімі бекітілді

© Sputnik / Абзал КалиевӘлеуметтік қолдау алатын азаматтардың тізімі бекітілді
Әлеуметтік қолдау алатын азаматтардың тізімі бекітілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2025
Жазылу
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі күмәнді және тиімсіз төлемдерді тоқтату мәселесін айтқан болатын
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының тізбесін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Вице-премьердің бұйрығы жаңа Салық кодексі аясында әзірленіп, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Осы құжатта әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының тізбесі көрсетілген. Олар:
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар;
зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;
18 жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлғалар;
айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне кіретін ауруы бар тұлғалар;
екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлғалар;
кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар адамдар.
Айта кетері, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдерді тоқтату мәселесін түсіндірген болатын.
Қазақстанда қандай әлеуметтік төлемдерді алып тастайды – министр жауап берді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Қазақстанда қандай әлеуметтік төлемдерді алып тастайды – министр жауап берді
Жаңалықтар
0