https://sputnik.kz/20250910/qazaqstanda-qanday-aleumettik-tolemderdi-alyp-tastaydy--ministr-zhauap-berdi---56957644.html
Қазақстанда қандай әлеуметтік төлемдерді алып тастайды – министр жауап берді
Қазақстанда қандай әлеуметтік төлемдерді алып тастайды – министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, әкімдіктер тарапынан берілетін төлемдер қайта қаралады 10.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-10T15:00+0500
2025-09-10T15:00+0500
2025-09-10T15:00+0500
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
әлеуметтік төлем
светлана жақыпова
https://sputnik.kz/img/1362/72/13627223_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_b6f334bdf676f59c6285f5c94bdf7749.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдерді тоқтату мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазіргі кезде министрлікте сарапшылар тобы жасақталды. Олар күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдерді алып тастауға қатысты нақты ұсыныстарды әзірлейді. Премьер-министр бұл жұмысты 1 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова төлемдер бойынша бір мысал келтірді. Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақылар тоқтатылмайды, тек жергілікті жерде, яғни әкімдіктер тарапынан берілетін төлемдер қайта қаралады.
https://sputnik.kz/20250909/nukte-qoyu-kerek-bektenov-keybir-zhardemaqylardy-alyp-tastauga-tapsyrma-berdi--56923545.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1362/72/13627223_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_bbd8e91bd25992ad578d6fe33c57d93f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әлеуметтік төлем, светлана жақыпова
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әлеуметтік төлем, светлана жақыпова
Қазақстанда қандай әлеуметтік төлемдерді алып тастайды – министр жауап берді
Министрдің айтуынша, әкімдіктер тарапынан берілетін төлемдер қайта қаралады
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдерді тоқтату мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде министрлікте сарапшылар тобы жасақталды. Олар күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдерді алып тастауға қатысты нақты ұсыныстарды әзірлейді. Премьер-министр бұл жұмысты 1 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырған болатын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова төлемдер бойынша бір мысал келтірді.
"Мысалы, бүгінде мүгедектігі бар баланы үйде оқыту үшін ата-анаға жергілікті бюджеттен төлемдер беріледі. 500 теңгеден 1000 теңгеге дейін, 300 теңгеден 3 000 теңгеге дейін әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Ал Конституция бойынша әрбір ата-ана өз баласына жауапты, оны оқытуға да, басқа жағдайлар жасауға да құқылы әрі міндетті. Ал мемлекет өз тарапынан мүгедектігі бар бала тіркелген мектепке жоғары тарифпен ақша береміз, оған қоса, ата-анасына да төлем беріледі. Міне, бұл – әділетсіздік. Сондықтан осы нормалар қайта қаралады", - деді Жақыпова мәжілісте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақылар тоқтатылмайды, тек жергілікті жерде, яғни әкімдіктер тарапынан берілетін төлемдер қайта қаралады.