https://sputnik.kz/20250909/nukte-qoyu-kerek-bektenov-keybir-zhardemaqylardy-alyp-tastauga-tapsyrma-berdi--56923545.html
“Нүкте қою керек!”: Бектенов кейбір жәрдемақыларды алып тастауға тапсырма берді
“Нүкте қою керек!”: Бектенов кейбір жәрдемақыларды алып тастауға тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Премьер-министр 1 желтоқсанға дейін барлық өңірлерде әлеуметтік қолдау шараларының бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды 09.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-09T11:37+0500
2025-09-09T11:37+0500
2025-09-09T11:39+0500
олжас бектенов
үкімет отырысы
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/07e9/09/09/56919707_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_129b4963c7229c54e8cfe2bb9009315f.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алып тастауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Үкіметтің бүгінгі отырысында президент жолдауы кезінде берілген тапсырмалар қаралды. Соның ішінде әлеуметтік төлемдер мәселесі де бар.Премьер-министр алдымен 1 желтоқсанға дейін барлық өңірлерде әлеуметтік қолдау шараларының бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды.Осы орайда премьер цифрлық технологияларды кеңінен қолдану қажеттігін ерекше атап өтті. Биыл 1 қарашаға дейін әлеуметтік саланың бірыңғай цифрлық платформасы енгізілуі шарт. Ал Әлеуметтік кодексте әлеуметтік аудит тетіктері бекітіледі.
https://sputnik.kz/20240207/khalyqqa-aleumettik-komek-beremiz-dep-qogamda-masyldyq-psikhologiyaga-zhol-berdik--toqaev-42121662.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/09/56919707_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0414c21c0d62c16b84f1d5c0f098bc65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, үкімет отырысы, әлеуметтік төлем
олжас бектенов, үкімет отырысы, әлеуметтік төлем
“Нүкте қою керек!”: Бектенов кейбір жәрдемақыларды алып тастауға тапсырма берді
11:37 09.09.2025 (жаңартылды: 11:39 09.09.2025) Премьер-министр 1 желтоқсанға дейін барлық өңірлерде әлеуметтік қолдау шараларының бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алып тастауды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында президент жолдауы кезінде берілген тапсырмалар қаралды. Соның ішінде әлеуметтік төлемдер мәселесі де бар.
Премьер-министр алдымен 1 желтоқсанға дейін барлық өңірлерде әлеуметтік қолдау шараларының бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды.
“Барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алып тастау қажет. Болды. Осы мәселеде нүкте қою керек. Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтап, масылдық пиғылды азайту үшін шаралар қабылдайтын боламыз. Үкіметтің міндеті - барлығына бірдей жағдай жасау. Ал азаматтар жұмыс істеп, өзін және өз отбасын асырауға ұмтылуы керек. Мемлекет басшысы дәл осы мәселеге айрықша көңіл бөліп отыр”, - деді Бектенов.
Осы орайда премьер цифрлық технологияларды кеңінен қолдану қажеттігін ерекше атап өтті.
Биыл 1 қарашаға дейін әлеуметтік саланың бірыңғай цифрлық платформасы енгізілуі шарт. Ал Әлеуметтік кодексте әлеуметтік аудит тетіктері бекітіледі.