Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп қоғамда масылдық психологияға жол бердік – Тоқаев

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҮкіметтің кеңейтілген отырысы
Үкіметтің кеңейтілген отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
Мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететін адамдар бар, дейді президент
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтарға емес, көмекке зәру адамдарға көмек берілуі қажет. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі таңда төрт жарым миллионға жуық адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Бұл – шамамен еліміздің әрбір бесінші тұрғыны деген сөз. Басым көпшілігі – еңбекке жарамды азаматтар.
"Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, біз, шыны керек, қоғамда масылдық психологияға жол бердік. Өркениетті ел боламыз десек, мұндай жағымсыз үдеріске тосқауыл қоюымыз керек. Тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтарға емес, көмекке зәру адамдарға көмек берілуі қажет", - деді президент.
Жалпы, оның пікірінше, азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қараған жөн. Себебі мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететін адамдар бар. Әлеуметтік көмекті кімге беру қажеттігі адамның кірісіне емес, шығысына қарап анықталуға тиіс. Бұл мәселеде бір нақты шешім қабылдау қажет.
"Қазір мемлекет бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бөлініп жатыр. Соңғы жылдары әлеуметтік саладағы инфрақұрылымды дамыту үшін біраз жұмыс атқарылды. Әлеуметтік сала мамандарының, әсіресе педагогтер мен медицина қызметкерлерінің беделін арттыруға баса мән берілді. Енді азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту қажет. Бұл – ең алдымен, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселе", - деді ол.
Жаңалықтар
0