Қостанай облысында 96 млн теңге субсидия жымқырылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент посетил ферму "Қызылжар-сүт"
Президент посетил ферму Қызылжар-сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2025
Жазылу
Сот үкімімен кінәлілер әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданында 96 млн теңге субсидия жымқырылған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Бұл субсидия мал азығы құнын арзандатуға және селекциялық жұмыстарды жүргізуге бағытталған.
Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2) тармағы "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
"Қылмыстық іс Қостанай облысы прокуратурасының бақылауымен тергеліп, нәтижесінде үш маманның қылмыстық әрекеті дәлелденіп, іс сотқа жолданды. Сотталушылардың өз кінәсін толық мойындауына байланысты қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралды", - дейді ведомство.
Қылмыстық істі Бейімбет Майлин аудандық соты қарады. Сот үкімімен кінәлілер әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар мемлекетке келтірілген материалдық залалды өтеу мақсатында сотталушылардан 96 миллион теңгеден астам сома ортақ тәртіппен өндірілді.
Лудомания - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Жетісу облысында кәсіпкер субсидия қаражатын құмар ойындарға жұмсаған
Жаңалықтар
0