https://sputnik.kz/20250820/zhetisu-oblysynda-kasipker-subsidiya-qarazhatyn-qumar-oyyndarga-zhumsagan-56463113.html
Жетісу облысында кәсіпкер субсидия қаражатын құмар ойындарға жұмсаған
Жетісу облысында кәсіпкер субсидия қаражатын құмар ойындарға жұмсаған
Sputnik Қазақстан
Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты 20.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-20T10:23+0500
2025-08-20T10:23+0500
2025-08-20T10:24+0500
жетісу облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256604_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_6f04b7446b6db6ce45441706d2dcddf1.jpg
Күдікті ЖШС-нің басшысы бола отырып, екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдалану арқылы алаяқтық жасаған. Яғни, жалған құжаттардың арқасында ауыл шаруашылығы басқармасынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде алып отырған.Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты.Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысулар туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған.Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу түрі қолданылды.Тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20250725/astanada-erli-zayypty-balasynyn-emine-zhinalgan-aqshaga-sayakhattap-qumar-oyyn-oynagan---55933899.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256604_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_3344d944cbd80ab12ddbbfef2171f862.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, қылмыс
Жетісу облысында кәсіпкер субсидия қаражатын құмар ойындарға жұмсаған
10:23 20.08.2025 (жаңартылды: 10:24 20.08.2025) Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті субсидия жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Күдікті ЖШС-нің басшысы бола отырып, екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдалану арқылы алаяқтық жасаған. Яғни, жалған құжаттардың арқасында ауыл шаруашылығы басқармасынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде алып отырған.
Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты.
Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысулар туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған.
"Сонымен қатар заңсыз алынған 110 млн теңге мөлшеріндегі субсидия күдікті тарапынан құмар ойындарға жұмсалған. Сот санкциясымен құны 300 млн астам теңге болатын зауытқа тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу түрі қолданылды.