https://sputnik.kz/20250921/oblys-akimi-en-shalgay-auylga-biyl-sapaly-internet-engizuge-uade-etti-57264498.html
Облыс әкімі ең шалғай ауылға биыл сапалы интернет енгізуге уәде етті
Облыс әкімі ең шалғай ауылға биыл сапалы интернет енгізуге уәде етті
Sputnik Қазақстан
Аудандағы өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады, деді аймақ басшысы 21.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-21T18:30+0500
2025-09-21T18:30+0500
2025-09-21T18:30+0500
облыс
әкім
интернет
https://sputnik.kz/img/07e4/08/1f/14835329_0:193:2959:1857_1920x0_80_0_0_a5847ec4531b9d7545a84b24fde69d15.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Облыс әкімі Ақсуат ауданының ең шалғайдағы ауылына барды, деп хабарлады Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.Үштөбе аудан орталығы Ақсуат ауылынан 160 шақырым жерде орналасқан.Облыс әкімі Берік Уәли елді мекендегі "Өкпеті" орта мектебінде болды.Аймақ басшысы мектепте ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Елді мекен тұрғындары "Қызылкесік – Үштөбе" бағытындағы жолға асфальт төсеу, интернет орнату мәселелерін көтерді.1934 жылы іргетасы қаланған мектептің жаңа ғимараты 2008 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мұнда 37 ұстаз еңбек етеді, 156 оқушы білім алып жатыр.
https://sputnik.kz/20250916/abay-oblysynda-suranysqa-ie-mamandyqtarga-200-grant-bolindi-57111722.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/1f/14835329_113:0:2844:2048_1920x0_80_0_0_100b462d0231b6cdc2213d1a0d186778.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
облыс, әкім, интернет
Облыс әкімі ең шалғай ауылға биыл сапалы интернет енгізуге уәде етті
Аудандағы өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады, деді аймақ басшысы
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Облыс әкімі Ақсуат ауданының ең шалғайдағы ауылына барды, деп хабарлады Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Үштөбе аудан орталығы Ақсуат ауылынан 160 шақырым жерде орналасқан.
Облыс әкімі Берік Уәли елді мекендегі "Өкпеті" орта мектебінде болды.
Аймақ басшысы мектепте ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Елді мекен тұрғындары "Қызылкесік – Үштөбе" бағытындағы жолға асфальт төсеу, интернет орнату мәселелерін көтерді.
"Бүгін Ақсуат ауданының бірнеше ауылдарын аралап, халықтың жағдайымен таныстым. Ауылдарға ортақ интернет, жол сияқты мәселелер Үштөбеге де тән. Үштөбе – талай ақын, жазушы, танымал тұлғалар шыққан, ауданның түпкірінде орналасқан, қазақы қаймағы бұзылмаған елді мекендердің бірі. Биыл ауылға сапалы интернет орнатылады. Ал жол мәселесін біртіндеп шешеміз. Аудандағы өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады", - деді облыс әкімі.
1934 жылы іргетасы қаланған мектептің жаңа ғимараты 2008 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мұнда 37 ұстаз еңбек етеді, 156 оқушы білім алып жатыр.