https://sputnik.kz/20250916/abay-oblysynda-suranysqa-ie-mamandyqtarga-200-grant-bolindi-57111722.html
Абай облысында сұранысқа ие мамандықтарға 200 грант бөлінді
Абай облысында сұранысқа ие мамандықтарға 200 грант бөлінді
Sputnik Қазақстан
Алғаш рет журналистика мен стоматология мамандарын даярлауға грант берілді 16.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-16T19:17+0500
2025-09-16T19:17+0500
2025-09-16T19:17+0500
берік уәли
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37177154_0:103:3275:1945_1920x0_80_0_0_27b504a80a92e47b4815613da6a18ecc.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли биыл жергілікті бюджеттен бөлінген гранттарды үлестіруге өзі қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Өңірде сұранысқа ие мамандықтарға 200 грант бөлінген болатын. Соның ішінде педагогика, экономика, техника, құрылыс, медицина, ауыл шаруашылығы және IT бар. Сондай-ақ алғаш рет журналистика мен стоматология мамандарын даярлауға грант берілді.Оның айтуынша, әкім гранттарына 500-ден астам мүктеп түлегі құжат тапсырған. Олардың ішінен оқу үлгерімі жақсы, ҰБТ-дан жоғары балл алған, пәндік олимпиадалар мен спорт жарыстарында жүлде салған, сонымен қатар тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына, ауыл мектептерінің түлектеріне басымдық берілді.Айта кетері, қазіргі таңда өңірдегі үш ірі жоғары оқу орнында – Шәкәрім университеті, Alikhan Bokeikhan University және Семей медицина университетінде 20 мыңға жуық студент оқып жатыр.
https://sputnik.kz/20250811/2-mynga-zhuyq-talapkerdin-aqysyz-oquga-mumkindigi-bar-zhergilikti-akimdikter-grant-boldi-56303162.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37177154_273:0:3004:2048_1920x0_80_0_0_77d01dc3bd2bf460051cd7e732721e03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
берік уәли, білім гранттары
берік уәли, білім гранттары
Абай облысында сұранысқа ие мамандықтарға 200 грант бөлінді
Алғаш рет журналистика мен стоматология мамандарын даярлауға грант берілді
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли биыл жергілікті бюджеттен бөлінген гранттарды үлестіруге өзі қатысты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Өңірде сұранысқа ие мамандықтарға 200 грант бөлінген болатын. Соның ішінде педагогика, экономика, техника, құрылыс, медицина, ауыл шаруашылығы және IT бар. Сондай-ақ алғаш рет журналистика мен стоматология мамандарын даярлауға грант берілді.
"Биыл әкім гранттарының әділ бөлінуін өзім тікелей қадағаладым. Себебі Әділетті қоғам құрып, адал азамат тәрбиелеу ең қадірлі де қасиетті сала білім мен ғылымнан бастау алуы керек деп есептеймін", - деді Уәли грант иегерлерімен болған кездесуде.
Оның айтуынша, әкім гранттарына 500-ден астам мүктеп түлегі құжат тапсырған. Олардың ішінен оқу үлгерімі жақсы, ҰБТ-дан жоғары балл алған, пәндік олимпиадалар мен спорт жарыстарында жүлде салған, сонымен қатар тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына, ауыл мектептерінің түлектеріне басымдық берілді.
Айта кетері, қазіргі таңда өңірдегі үш ірі жоғары оқу орнында – Шәкәрім университеті, Alikhan Bokeikhan University және Семей медицина университетінде 20 мыңға жуық студент оқып жатыр.