Алматыда жылу электр орталықтары толықтай табиғи газға көшіріледі

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы ЖЭО-2
Алматы ЖЭО-2 - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2025
Жазылу
Мұның бәрі 2028 жылға қарай Алматыдағы ауа сапасын екі есеге жақсартуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қала күні мерекесінде Алматы әкімі Дархан Сатыбалды экологиялық трансформация Алматының басты басымдықтарының бірі болып отырғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, алдағы жылдары Алматыда халықаралық стандарттарға сай заманауи әрі интеграцияланған көлік жүйесі қалыптасады. Бұл жолаушылар үшін қолайлы, қауіпсіз әрі экологиялық таза шешім болады.
"Қазірдің өзінде ұзындығы 100 шақырымнан астам BRT желісін дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Оның нәтижесінде қоғамдық көліктегі жолаушы тасымалы екі еседен астам артып, қозғалыс жылдамдығы 15%-ға өседі. Сонымен қатар, LRT желілерінің құрылысы басталып, метроның 20 км-ден астам жаңа тармағы жүргізіледі”, — деді қала әкімі.
Дархан Сатыбалдының айтуынша, экологиялық трансформация Алматының басты басымдықтарының бірі болып қалады. Қалада төмен эмиссиялық аймақтар енгізіліп, ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 толықтай табиғи газға көшіріледі.
“Қазақстандағы алғашқы тұрмыстық қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыты Алматыда салынады. Зауыт тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдықты қайта өңдеп, жылына 60 мВт электр энергиясын өндіреді. Мұның бәрі 2028 жылға қарай Алматыдағы ауа сапасын екі есеге жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл – мегаполистің басты міндеттерінің бірі – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жасалған нақты қадам”, — деді шаһар басшысы.
Алматы әкімдігі көлік инфрақұрылымын дамытып, экологияны жақсарту және тұрақты дамуға негізделген қала моделін қалыптастыру шаһардың басым даму бағыты болып қалатынын баса айтты.
Алматинский апорт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2025
Алматы әуежайында қала күніне орай 5 мыңнан астам қонаққа апорт алмасы сыйға таратылды
Жаңалықтар
0