Алматы әуежайында қала күніне орай 5 мыңнан астам қонаққа апорт алмасы сыйға таратылды

© Sputnik / Абзал КалиевАлматинский апорт
Алматинский апорт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында демалыс күндері "Алматының символы – сыйлыққа" атты акция өтті. Шетелдік меймандарға хош иісті Алматы апорты ұсынылды. Іс-шараны қала күніне орай Алматының Туризм басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдікке сілтеме жасап.
Апорт – жай ғана жеміс емес. Ол шаһар тарихынан сыр шертетін, мінезін айшықтайтын, талайдың балалық шағын еске түсіретін дәм. Қаланың өткені мен бүгінін, салты мен дәстүрін қысқаша әңгімелеп берген сәтте алманың дәмі ерекше әсер қалдырды.
"Екі күн ішінде акция аясында халықаралық рейстермен келген 5 мыңнан астам жолаушы осындай ерекше сый-сияпатқа ие болды. Біреулер үшін бұл қазақ мәдениетімен алғаш танысу болса, енді біреулер үшін қайта оралуға себеп болатын жылы естелікке айналды", - деп жазылған хабарламада.
Алматыға деген қызығушылық артып келеді: 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында қалаға келген туристер саны 6,5% өсіп, 1 миллион 140 мыңнан асты. Қаланың имиджін ілгерілету, ауқымды іс-шараларды өткізу және әуе қатынасын кеңейту Алматыны өңірдегі ең тартымды туристік орталықтардың біріне айналдырып отыр.
Яблочный Спас - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Апорт алмасы әлемдік нарыққа шығады
Жаңалықтар
0