https://sputnik.kz/20250920/respublikalyq-senbilikke-422-mynnan-astam-adam-qatysty-57245445.html
Республикалық сенбілікке 422 мыңнан астам адам қатысты
Республикалық сенбілікке 422 мыңнан астам адам қатысты
Sputnik Қазақстан
20 қыркүйек күні бүкіл әлемде өтетін "World CleanUp Day" акциясы аясында кең ауқымды экологиялық бастама жүзеге асырылды 20.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-20T18:37+0500
2025-09-20T18:37+0500
2025-09-20T18:37+0500
экология
https://sputnik.kz/img/07e9/09/14/57245281_0:0:1079:608_1920x0_80_0_0_7da3b85db2417360609c9bfccb110d32.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Бүгін республика бойынша сенбілікке 422 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде 135 мыңнан астам мемлекеттік орган өкілдері және 52 мың ерікті бар, деп хабарлайды экология министрлігінің баспасөз қызметі.Әсіресе жастар, студенттер, мектеп оқушылары, жастар ұйымдарының және еріктілер қозғалысының мүшелері белсенділік танытты.Экологиялық науқан барысында түрлі аумақтарда – қалалық көшелерден бастап су айдындарының жағалаулары, саябақтар, орман алқаптары мен елді мекендердің шет аймақтарына дейін тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда 9 мың гектар жер тазартылып, 12 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.Кампания аясында көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Акцияға қатысушылардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 18 мың астам ағаш пен бұта отырғызылды.Жасалған жұмыс қорытындылары, қатысушылар саны және қол жеткізілген нәтижелер еліміздің тарихындағы ең ауқымды экологиялық іс-шаралардың бірі ретінде КИнЭС рекордтар кітабына тіркеуге ұсынылды.Экологиялық акция "Таза Қазақстан" ұлттық бастамасының аясында өтті. Бұл бастама аумақтарды тұрмыстық қалдықтан тазартуға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған.
https://sputnik.kz/20250426/astanada-otken-auqymdy-senbilikke-100-mynnan-astam-adam-qatysty-52897257.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/14/57245281_48:0:1008:720_1920x0_80_0_0_f5100ed02068374c1d2355a79326f1b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экология
Республикалық сенбілікке 422 мыңнан астам адам қатысты
20 қыркүйек күні бүкіл әлемде өтетін "World CleanUp Day" акциясы аясында кең ауқымды экологиялық бастама жүзеге асырылды
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Бүгін республика бойынша сенбілікке 422 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде 135 мыңнан астам мемлекеттік орган өкілдері және 52 мың ерікті бар, деп хабарлайды экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Әсіресе жастар, студенттер, мектеп оқушылары, жастар ұйымдарының және еріктілер қозғалысының мүшелері белсенділік танытты.
Экологиялық науқан барысында түрлі аумақтарда – қалалық көшелерден бастап су айдындарының жағалаулары, саябақтар, орман алқаптары мен елді мекендердің шет аймақтарына дейін тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда 9 мың гектар жер тазартылып, 12 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
Кампания аясында көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Акцияға қатысушылардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 18 мың астам ағаш пен бұта отырғызылды.
Жасалған жұмыс қорытындылары, қатысушылар саны және қол жеткізілген нәтижелер еліміздің тарихындағы ең ауқымды экологиялық іс-шаралардың бірі ретінде КИнЭС рекордтар кітабына тіркеуге ұсынылды.
Экологиялық акция "Таза Қазақстан" ұлттық бастамасының аясында өтті. Бұл бастама аумақтарды тұрмыстық қалдықтан тазартуға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған.