Елорда тынысы

Астанада өткен ауқымды сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысты

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаАппарат правительства Казахстана на субботнике в Астане
Аппарат правительства Казахстана на субботнике в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Жазылу
Қазақстанның барлық өңірінде "Таза Қазақстан" экоакциясы өтті
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Астанада өткен ауқымды сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Шара "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экоакциясы аясында өткізілуде.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаАппарат правительства Казахстана на субботнике в Астане
Аппарат правительства Казахстана на субботнике в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Аппарат правительства Казахстана на субботнике в Астане
Елорда көшелерін тазартып, көшет отырғызуға үкімет мүшелері, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік және жеке ұйымдар мен қала тұрғындары жиналды.
Сенбілік барысында 12 мыңнан астам ағаш және 16 мың шаршы метрден астам бұталар мен сәндік өсімдіктер отырғызылды. Қатысушылар осылайша қаланы көркейтуге үлес қосты. Тұрғындар тазалық орнатып, аулаларын абаттандыру үшін жиналды.
© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента КазахстанаМажилисмены приняли участие в субботнике в Астане
Мажилисмены приняли участие в субботнике в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Мажилисмены приняли участие в субботнике в Астане
2025 жылы елорданың түрлі аудандарында, соның ішінде Ақбұлақ өзенінің жағалауында, Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағанбетов көшелерінің қиылысында, Ж. Омаров көшесі, Абай даңғылы және Ш. Уәлиханов көшесі, Кирпичный тұрғын алабында, сондай-ақ Керей, Жәнібек хандары, Ұлы Дала көшелерінің бойында, Жағалау саябағында, Бейбітшілік, Күмісбеков, Серкебаев көшелерінің бойында тазалық жүргізілді. Ал "Жастар" саябағында, Ботаникалық бақта, Көктал саябағында, Абай алаңында және басқа да қоғамдық орындарда көшет отырғызылды.
© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента КазахстанаМажилисмены приняли участие в субботнике в Астане
Мажилисмены приняли участие в субботнике в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Мажилисмены приняли участие в субботнике в Астане
Экоакция барысында 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, бұл 100-ден астам ауыр жүк рейсіне тең.
Астана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Астана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты
Жаңалықтар
0