Астана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты
12:42 26.04.2025 (жаңартылды: 12:52 26.04.2025)
© Photo : Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтыАстана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты

© Photo : Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Жазылу
Экологиялық акция барысында алты ауданда 6 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Астанада "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері, еріктілер, мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты.
© Photo : Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтыАстана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты

Астана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты
© Photo : Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Экоакция аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жүргізілді. Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және т.б. өткізілді.
© Photo : Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтыАстана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты

Астана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты
© Photo : Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Тұрғындар елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді үлес қосты.
"Мен бұл ауданда он жылдан астам уақыт тұрып келемін. Көршілермен бірге аула тазалығы үшін атсалысқаныма қуанамын. Бұл бірлігімізді арттырады және қаламызды таза әрі жайлы етеді", – деп атап өтті елордалық аудан тұрғындарының бірі.
© Photo : Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтыАстана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты

Астана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты
© Photo : Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Экологиялық акция барысында алты ауданда 6 мыңнан астам жасыл желек отырғызылады.
© Photo : ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіАстана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты

Астана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты
© Photo : ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Премьер-министрдің баспасөз қызметі Олжас Бектенов бастаған үкімет аппараты "Таза Қазақстан"экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысқанын хабарлады. Жалпы ауданы 68,5 мың шаршы метрден асатын EXPO саябақ аймағының аумағында қарағай, қайың және басқа да ағаш түрлерінің көшеттері отырғызылды. Көрме алаңын көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде жалпы көлемі 9,2 мың ағаш, 25,5 мың көпжылдық бұта отырғызылған.
© Photo : ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіАстана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты

Астана тұрғындары ауқымды жалпықалалық сенбілікке шықты
© Photo : ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі