Қазақстанда бейресми алынған біліктілік енді ресми түрде тіркеледі

© Sputnik / Болат ШайхиновДиплом
Диплом - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2025
Жазылу
Бұрынғы нұсқа көбіне ресми білім беру деңгейлеріне сүйеніп, оқытудың басқа түрлерін ескермеген
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Енді Қазақстанда формалды білім беру бағдарламаларынан тыс алынған біліктілік ресми түрде танылады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Кәсіби біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңес жаңа Ұлттық біліктілік шеңберін бекітті. Енді бұл құжат тек ресми білім беруді ғана емес, бейресми алынған біліктіліктерді де қамтиды. Бұл барлық саладағы мамандарға қатысты.
Бұрынғы нұсқа көбіне ресми білім беру деңгейлеріне сүйеніп, оқытудың басқа түрлерін ескермеген. Ал жаңа редакция Еуропалық біліктілік шеңберінің қағидаттарына және қазіргі экономиканың талаптарына негізделген.
"Жаңартылған ҰБШ Қазақстанның еңбек және білім беру заңнамасына сәйкес әзірленіп, халықаралық тәжірибелер ескерілді. Ол ашықтық пен салыстырмалылық қағидаттарына негізделген, бұл әртүрлі салада алынған құзыреттерді мойындауды қамтамасыз етіп, жұмыскерлердің мобильдігін жеңілдетеді. Жаңа ҰБШ икемді біліктілік жүйесін қалыптастырып, "өмір бойы білім алу" қағидатын қолдайды және экономиканың нақты қажеттіліктеріне бағытталған", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев.
Жаңа редакцияда еңбек функцияларының күрделілігі, жауапкершілік деңгейі және ғылымға негізделу дәрежесіне қарай сегіз деңгей қарастырылған. Бұл жұмыскердің біліктілігін объективті бағалауға және оны алудың әртүрлі жолдарын ескеруге мүмкіндік береді.
Енді тек диплом мен жұмыс өтілі ғана емес, қысқа мерзімді курстарды аяқтау туралы сертификаттар мен Career Enbek порталындағы біліктілікті растау да мойындалады.
Ұлттық біліктілік шеңбері – біліктілік салалық шеңберлері мен кәсіби стандарттарын әзірлеуге арналған негізгі құрал. Ол біліктіліктерді тану жүйесін реттейді және кәсіби әрі мансаптық өсудің алғышарттарын жасайды.
Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік символдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Қазақстанның су мамандары Қытайда біліктілік арттыруға кірісті
Жаңалықтар
0