https://sputnik.kz/20250410/qazaqstannyn-su-mamandary-qytayda-biliktilik-arttyruga-kiristi-52341615.html
Қазақстанның су мамандары Қытайда біліктілік арттыруға кірісті
Қазақстанның су мамандары Қытайда біліктілік арттыруға кірісті
Sputnik Қазақстан
Алғашқы топта 30 маман бар 10.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-10T09:06+0500
2025-04-10T09:06+0500
2025-04-10T09:10+0500
қазақстан
қытай
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25369307_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_fbf1511177271957cd388481ce7b4b92.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен қазақстандық су мамандарының алғашқы тобы Қытайда біліктілік арттыру курсын бастады. Бұған дейін ведомство қытайлық әріптестерімен тиісті келісімге қол жеткізген болатын.Айта кету керек, оқу курсын Қытай тарапы өз есебінен ұйымдастырды және іс-шараға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.Еске салсақ, биыл наурыз айында алғаш рет Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат су ресурстарын ұтымды және орнықты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
https://sputnik.kz/20250403/qazaqstan-men-qytay-kasipkerleri-98-mln-dollar-kelisimge-qol-qoydy---52180667.html
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25369307_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_fc525ee3c575cc01c96a59da1392b076.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, министрлік
қазақстан, қытай, министрлік
Қазақстанның су мамандары Қытайда біліктілік арттыруға кірісті
09:06 10.04.2025 (жаңартылды: 09:10 10.04.2025) Алғашқы топта 30 маман бар
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен қазақстандық су мамандарының алғашқы тобы Қытайда
біліктілік арттыру курсын бастады. Бұған дейін ведомство қытайлық әріптестерімен тиісті келісімге қол жеткізген болатын.
"Алғашқы топта 30 маман бар. Одан әрі 25 адамнан жасақталатын тағы 3 топ Қытайда оқиды. Көрші елдегі екі апталық курста жалпы саны 105 су маманы біліктілікті арттырады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, оқу курсын Қытай тарапы өз есебінен ұйымдастырды және іс-шараға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.
"Қытай су шаруашылығы саласында озық технологияларға ие, сондықтан осы елдің тәжірибесін зерделеу еліміздің су саласын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, біздің министрлік басқа мемлекеттермен де осындай курстарды ұйымдастыру бойынша белсенді келіссөз жүргізуде. Осыған дейін бірнеше су маманы Франция мен Жапонияда білім алып келді", - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Еске салсақ, биыл наурыз айында алғаш рет Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат су ресурстарын ұтымды және орнықты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.