https://sputnik.kz/20250919/qazaqstan-zhol-qurylysy-ushin-800-mlrd-tenge-qaryz-alady-57205701.html
Қазақстан жол құрылысы үшін 800 млрд теңге қарыз алады
Қазақстан жол құрылысы үшін 800 млрд теңге қарыз алады
Sputnik Қазақстан
Еуропалық Қайта Құру және даму банкі мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі қаражат бөлетіні туралы мандаттық хаттар жіберіп, жобаны қолдауға дайын... 19.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-19T10:03+0500
2025-09-19T10:03+0500
2025-09-19T10:04+0500
қазақстан
жол
банк
https://sputnik.kz/img/07e8/07/18/45847221_0:69:1280:789_1920x0_80_0_0_b0a8d3897c8d3bcadb9b4c8214ee4f9a.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан "Бейнеу – Сексеуіл" және "Бозой – Шалқар" трассаларына 800 млрд теңгеден астам қарыз алады, деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы.Серік Жұманғариннің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен жиын өтті.Отырыс барысында қатысушылар ірі инфрақұрылымдық жобаларды мемлекеттік кепілдікпен іске асыру үшін Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ), Халықаралық Қайта Құру және даму банкі (ХҚДБ), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) және Ислам Даму Банкінен (ИДБ) қаржы тарту мәселелерін талқылады.Транскаспий халықаралық көлік маршрутының құрамына кіретін "Бейнеу - Сексеуіл" автомобиль жолының құрылысына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жақын арада "Бейнеу – Сексеуіл" және "Бозой – Шалқар" учаскелерін қоса алғанда, жалпы ұзындығы 765 км жаңа автожол құрылысын бастау керек. Көлік министрлігі техникалық-экономикалық негіздемені аяқтау және құрылыс жұмыстарын бастау алдағы кезеңге жоспарланғанын хабарлады. Еуропалық Қайта Құру және даму банкі мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі 800 млрд теңгеден астам қаражат бөлетіні туралы мандаттық хаттар жіберіп, жобаны қолдауға дайын екендіктерін растады.Сондай-ақ ҚТЖ "ҰК "АҚ Трансказақстандық теміржол дәлізін дамыту бойынша" жобасын Халықаралық Қайта Құру және даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен бірлесіп іске асыру мәселесі талқыланды.Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу мәселесі бойынша Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық жеке қаралды.Бұл инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру елдің халықаралық транзиттік дәліз ретіндегі әлеуетін едәуір нығайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ экономикалық тартымдылықты арттыруға және іскерлік ортаны дамытуға елеулі үлес қосады.
https://sputnik.kz/20250724/qtzh-transqazaqstandyq-temirzhol-dalizinin-zhobasyna-6055-mln-dollar-qaryz-alady-55899318.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/18/45847221_68:0:1212:858_1920x0_80_0_0_4ffa44e1dd244603a3ff241f1221df70.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, жол, банк
Қазақстан жол құрылысы үшін 800 млрд теңге қарыз алады
10:03 19.09.2025 (жаңартылды: 10:04 19.09.2025) Еуропалық Қайта Құру және даму банкі мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі қаражат бөлетіні туралы мандаттық хаттар жіберіп, жобаны қолдауға дайын екендіктерін растады
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан "Бейнеу – Сексеуіл" және "Бозой – Шалқар" трассаларына 800 млрд теңгеден астам қарыз алады, деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы.
Серік Жұманғариннің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен жиын өтті.
Отырыс барысында қатысушылар ірі инфрақұрылымдық жобаларды мемлекеттік кепілдікпен іске асыру үшін Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ), Халықаралық Қайта Құру және даму банкі (ХҚДБ), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) және Ислам Даму Банкінен (ИДБ) қаржы тарту мәселелерін талқылады.
Транскаспий халықаралық көлік маршрутының құрамына кіретін "Бейнеу - Сексеуіл" автомобиль жолының құрылысына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жақын арада "Бейнеу – Сексеуіл" және "Бозой – Шалқар" учаскелерін қоса алғанда, жалпы ұзындығы 765 км жаңа автожол құрылысын бастау керек. Көлік министрлігі техникалық-экономикалық негіздемені аяқтау және құрылыс жұмыстарын бастау алдағы кезеңге жоспарланғанын хабарлады. Еуропалық Қайта Құру және даму банкі мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі 800 млрд теңгеден астам қаражат бөлетіні туралы мандаттық хаттар жіберіп, жобаны қолдауға дайын екендіктерін растады.
Сондай-ақ ҚТЖ "ҰК "АҚ Трансказақстандық теміржол дәлізін дамыту бойынша" жобасын Халықаралық Қайта Құру және даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен бірлесіп іске асыру мәселесі талқыланды.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу мәселесі бойынша Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық жеке қаралды.
Бұл инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру елдің халықаралық транзиттік дәліз ретіндегі әлеуетін едәуір нығайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ экономикалық тартымдылықты арттыруға және іскерлік ортаны дамытуға елеулі үлес қосады.