Баласынан бас тартқан 30-дан астам ата-ана сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинСым қоршау
Сым қоршау - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2025
Жазылу
Прокуратураның бастамасымен 169 борышкер әкімшілік жауапқа тартылып, олардың 108-і 5 тәулікке дейін қамауға алынды
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының прокурорлары 3,5 млрд теңге алимент өндірді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Осы жылдың сегіз айында 3,5 млрд теңге алименттік берешек өтелді. Қылмыстық кодекстің 139-бабы "Балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша 50 қасақана төлемеген борышкер қылмыстық жауапқа тартылды. Оның ішінде 33 адам сотталып, тағы 17 іс берешектің ерікті түрде өтелуіне байланысты тоқтатылды.
"Мысалы, аудандық сот борышкер "А"-ны 2,1 млн теңге қарызы үшін бір жылға бостандығын шектеуге үкім шығарды. Ол екі жылдан астам уақыт бойы баласын асырау бойынша міндетін орындамаған. Сонымен қатар алименттік қарыздарды өтеу үшін 4 жылжымайтын мүлік, яғни жер телімдері, үйлер тәркіленді. Мәселен, 5 млн теңге берешегі бар борышкердің орнына сот орындаушысы Еңбекшіқазақ ауданындағы 100 шаршы метр тұрғын үйді өндіріп алды", - дейді ведомстводағылар.
Прокуратураның бастамасымен 169 борышкер әкімшілік жауапқа тартылып, олардың 108-і 5 тәулікке дейін қамауға алынды.
Жалпы үш жыл ішінде 12 мың баланың пайдасына 7 млрд теңгеден астам алимент өндірілді.
Бала қолындағы ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Алимент төлемеген 80 әкеге республикалық және мемлекетаралық іздеу жарияланды
Жаңалықтар
0