"Астана – Қарағанды" тас жолында кептеліс болуы мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевПлатные дороги в Казахстане
Платные дороги в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2025
Жазылу
Жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. "Астана – Қарағанды" республикалық маңызы бар автожол жөндеу учаскесінде кептеліс болуы мүмкін, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" компаниясы.
"KAZ01 "Астана – Қарағанды – Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолында Астана – Қарағанды бағытында 0-16 км учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.
Трассада жаңа жабын төселіп, роликті тосқауыл қоршаулары мен гранитті жиектер орнатылады.
Учаске Мичурино, Күйгенжар және Жібек Жолы елді мекендері арқылы өтетіндіктен, кептеліс болып, қозғалыстың баяулауы мүмкін, деп ескертті компания.
Астана - Теміртау тас жолында лазерлік жүйе орнатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2025
"Астана - Теміртау" тас жолында лазерлік жүйе орнатылды
Жаңалықтар
0