Спорт

Оқушыға алғаш рет "Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы берілді

© Photo : Астана әкімдігіШахматшы Алдияр Аңсат
Шахматшы Алдияр Аңсат  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Жазылу
Алдияр Аңсат әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарған
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Алдияр Аңсат "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағына ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл мәртебелі марапат елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отыр.
Жас шахматшы Алдияр – Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды.
Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, еліміздің атын танытып, көк туымызды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы.
Михаил Шайдоров Алматы әкімдігінің қаржылай сыйлығын алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Алматы әкімдігі спортшыға 2,5 миллион теңге табыстады
Жаңалықтар
0