Алматы әкімдігі спортшыға 2,5 миллион теңге табыстады

© Photo : Алматы әкімдігі Михаил Шайдоров Алматы әкімдігінің қаржылай сыйлығын алды
Михаил Шайдоров Алматы әкімдігінің қаржылай сыйлығын алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Әлем чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алған Михаил Шайдоров Алматы әкімдігінің қаржылай сыйлығын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Спортшыны қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов құттықтап, 2,5 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификатты табыстады.
"Сіз қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың абыройын арттырып қана қоймай, жүздеген жас спортшыны өзіне сенуге және алға ұмтылуға шабыт бердіңіз. Ерекше алғысты жаттықтырушыңыз Әсем Робертқызы Қасановаға айтқым келеді. Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанау бойынша бас бапкері ретінде ол спорттың дамуына және мұз айдынында жаңа жұлдыздардың қалыптасуына үлкен үлес қосты", – деді Шаханов.
Ал Михаил Шайдоров өзіне қолдау көрсеткен әкімдікке алғысын білдірді.
"Мен қала әкімдігіне, алматылықтарға қолдау көрсеткені үшін өте ризамын. Бұл мені шабыттандырып, әрі қарай жетістікке жетуге күш береді. Бұл менің ғана емес, бүкіл елдің жеңісі, маған сеніп, осы жолда көмектескен көпшіліктің еңбегінің нәтижесі", – деп атап көрсетті спортшы.
Айта кетері, Михаил Шайдоров – жеке өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы. Ол Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс медальға ие болды.
Михаил Шайдоров  мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2025
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Жаңалықтар
0