https://sputnik.kz/20250918/din-koshbasshylary-gumanistik-qundylyqtardyn-shamshyragy-boluga-tiis--toqaev-57188422.html
Дін көшбасшылары гуманистік құндылықтардың шамшырағы болуға тиіс – Тоқаев
Дін көшбасшылары гуманистік құндылықтардың шамшырағы болуға тиіс – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы бірнеше күннен бері елордада түрлі мәдениет пен өркениет өкілдері бас қосып жатқанын атап өтті 18.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-18T16:33+0500
2025-09-18T16:33+0500
2025-09-18T16:34+0500
әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/09/12/57188133_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_4c5fb647ebcbb0046987a9504efc452d.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылуында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.Президент жаһанда түбегейлі өзгерістер орын алып жатқан кезеңде дін көшбасшылары барша халыққа адамгершілік қасиеттер мен гуманистік құндылықтардың шамшырағы болуға тиіс деп санайдыОл климат өзгерістерімен күрестегі дін басшыларының рөлі туралы құжат әзірлеу, сондай-ақ дін және гуманизм тұрғысынан жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың жалпыға бірдей қағидаттарын қалыптастыру туралы Съезд Хатшылығына берілген ұсынымдарды толық қолдайтынын жеткізді.Бұдан кейін мемлекет басшысы тарихи ескерткіштерді, мәдени әралуандықты және адамзаттың рухани мұрасын сақтау үшін діни нысандарды қорғау өте өзекті екенін жеткізді.Ол съезде дін көшбасшыларының бейбіт өмір сүру үшін бейтарап, саяси реңк бермей, ортақ үн қату идеясы талқыланды."Осы арқылы жаңа, анағұрлым орнықты әрі әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруға елеулі үлес қосуға болады", - деп түйіндеді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20250917/qazirgi-zamanda-din-ayryqsha-rol-atqarady--toqaev-57149192.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/12/57188133_133:0:1146:760_1920x0_80_0_0_21dfe2d158c937480410735bb0a5d440.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі, қасым-жомарт тоқаев
әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі, қасым-жомарт тоқаев
Дін көшбасшылары гуманистік құндылықтардың шамшырағы болуға тиіс – Тоқаев
16:33 18.09.2025 (жаңартылды: 16:34 18.09.2025) Мемлекет басшысы бірнеше күннен бері елордада түрлі мәдениет пен өркениет өкілдері бас қосып жатқанын атап өтті
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылуында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.
Президент жаһанда түбегейлі өзгерістер орын алып жатқан кезеңде дін көшбасшылары барша халыққа адамгершілік қасиеттер мен гуманистік құндылықтардың шамшырағы болуға тиіс деп санайды
"Екі күн ішінде сіздер Съезд жұмысының басты бағыттары мен келешек күн тәртібі туралы ортақ ұйғарымға келдіңіздер. Ол бірлескен қорытынды Декларацияда көрініс табады. Барлық форум қатысушыларын, сондай-ақ Ізгі ниет елшілерін осы Декларацияның идеяларын белсенді насихаттауға шақырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол климат өзгерістерімен күрестегі дін басшыларының рөлі туралы құжат әзірлеу, сондай-ақ дін және гуманизм тұрғысынан жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың жалпыға бірдей қағидаттарын қалыптастыру туралы Съезд Хатшылығына берілген ұсынымдарды толық қолдайтынын жеткізді.
Бұдан кейін мемлекет басшысы тарихи ескерткіштерді, мәдени әралуандықты және адамзаттың рухани мұрасын сақтау үшін діни нысандарды қорғау өте өзекті екенін жеткізді.
"Қазақстанда мұндай іс-шараларды өткізу Орталық Азия аймағында аталған мәселе үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Жас діни көшбасшылар форумы өскелең ұрпақтың сабақтастықты сақтауға, диалог пен өзара түсіністік жолын жалғауға ұмтылатынын байқатты. Яғни әлемнің келешегі бар деген сөз", – деді президент.
Ол съезде дін көшбасшыларының бейбіт өмір сүру үшін бейтарап, саяси реңк бермей, ортақ үн қату идеясы талқыланды.
"Осы арқылы жаңа, анағұрлым орнықты әрі әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруға елеулі үлес қосуға болады", - деп түйіндеді Тоқаев.