Қазіргі заманда дін айрықша рөл атқарады – Тоқаев

© Photo / АқордаТоқаев Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті
Тоқаев Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Жазылу
Президент бейбітшілікті сақтауда дін қайраткерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін мәлімдеді
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархына ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты.
"Президент Патриархтың жарқын үндеуі мен мазмұнды ұсыныстары Астана дінаралық форумының рөлін нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Президент қазіргі заманда дін айрықша рөл атқаратынына тоқталып, бейбітшілікті сақтау және дінаралық қарым-қатынас мәдениетін ілгерілетуде дін қайраткерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы православ діні Қазақстанның рухани өмірінде маңызды орын алатынын атап өтіп, оның ағартушылық, бітімгерлік және қоғамдық миссиясының құндылығына назар аударды.
Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Конструктивті дипломатия алдыңғы орынға шығуы керек - Тоқаев
Жаңалықтар
0