Конструктивті дипломатия алдыңғы орынға шығуы керек - Тоқаев

© PhotoАстанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі
Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Жазылу
Мемлекет басшысы әлемде саяси ұстамдылық танытудан гөрі өшпенділік өршіп, геосаяси жіктің арасы алшақтақтап жатқанына да өкініш білдірді
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық қақтығыстың қаупі жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің айтуынша, әлемде мәдениеттер арасындағы қарама-қайшылық күшейіп барады. Сауда және санкция текетірестері бәсеңдемей тұр. Ал жаппай қарусызданудың орнына әскерді жарақтандыру жарысы басталып кетті.
"Дүние жүзінің әртүрлі аймағында жүріп жатқан гибридті соғыстардың майдан шебі айқын емес. Алайда қисапсыз адам шығынына ұшыратып, толассыз босқындар нөпіріне түрткі болуда. Экономикаға орасан зор залал тигізіп отыр. Ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдатады. Сарапшылар зұлымдық пен мейірімділік тартысқа түсетін мұндай шешуші сәттің болу ықтималдығы соңғы он жылда күрт артқанын жиі айта бастады", - деді Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің пленарлық отырысында.
Мемлекет басшысы әлемде саяси ұстамдылық танытудан гөрі өшпенділік өршіп, геосаяси жіктің арасы алшақтақтап жатқанына да өкініш білдірді. Соның салдарынан әлеуметтік шиеленіс одан сайын ушығып барады.
"Менің ойымша, мұндай қилы кезеңде диалогқа шақыратын, бірін-бірі жатсынуды доғаруға үндейтін, халықаралық аренадағы өзара сенімді арттыратын басты амал ретінде конструктивті дипломатия алдыңғы орынға шығуы керек",– деді мемлекет башысы.
Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
"Қатаң тосқауыл қойылады": Тоқаев тіл мәселесіне тоқталды
Жаңалықтар
0