Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

БҰҰ Украинадағы қақтығысты реттеу жұмыстарын жалғастырады

© Sputnik / Алексей ВитвицкийБҰҰ ғимараты
БҰҰ ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Жазылу
Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында әлем көшбасшыларын бір-бірімен тікелей диалогқа шақыру үшін 150-ден астам екіжақты кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген
АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы Анналена Бербок БҰҰ Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешуге күш салуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

"Дәл қазір біз берілмейтінімізді ғана емес, сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының ең маңызды міндетін - бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді орындауға бұрынғыдан да қатты бекінгенімізді жариялайтын сәт", - деді Бербок баспасөз мәслихатында қақтығыстарды шешудің келешегі туралы сұраққа жауап беріп.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында әлем көшбасшыларын бір-бірімен тікелей диалогқа шақыру үшін 150-ден астам екіжақты кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген.
Бербок қыркүйектің басында БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының төрағасы ретінде ант берді. Бұл тағайындауды Ресей тарапы "жөнсіз" деп, Бербок өзінің "асқынған русофобиясымен" және "өте оғаш мәлімдемелерімен" есте қалғанын айтты.
Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 24 ақпанда батыс елдерінің,17 ақпанда Ресей Федерациясының өтініші бойынша Украина жөнінде отырыс ұйымдастырды.
Киев, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина сыртқы істер министрлігі елге поляк әскері келетінін хабарлады
Жаңалықтар
0