https://sputnik.kz/20250913/ukraina-syrtqy-ister-ministrligi-elge-polyak-askeri-keletinin-khabarlady-57041837.html
Украина сыртқы істер министрлігі елге поляк әскері келетінін хабарлады
Украина сыртқы істер министрлігі елге поляк әскері келетінін хабарлады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Поляк әскері Украинаға 18 қыркүйекте келеді, деп хабарлады елдің сыртқы істер министрі Андрей Сибига. Бұл туралы РБК Украина... 13.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-13T16:49+0500
2025-09-13T16:49+0500
2025-09-13T16:49+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23572317_0:116:3000:1804_1920x0_80_0_0_2835854d09e0a0c8feb68212b0baea43.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Поляк әскері Украинаға 18 қыркүйекте келеді, деп хабарлады елдің сыртқы істер министрі Андрей Сибига. Бұл туралы РБК Украина жазды.Сибига сонымен бірге Польшадағы дрондарға қатысты оқиғаны ойға алып, бүгінде "мұндай қиындықтарға қарсы тұруға қажетті тәжірибе Украинада ғана бар" деп мәлімдеді.Бейсенбі күні Польша премьер-министрі Дональд Туск поляк әскері Владимир Зеленскийдің шақыруымен Украинаға дрондарды атып түсіруді үйрену үшін баратынын айтты.Кейін Польшаның Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, Украинаға әскер жіберу туралы ақпаратты жоққа шығарды. Польша Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Цезари Томчик Варшава Украинаға дрондарды жою бойынша оқу-жаттығу өткізу үшін өз әскерін жіберетіні туралы ақпаратты жапқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, "бұл беруге болатын ақпарат емес".Сәрсенбі күні Польша премьер-министрі Дональд Туск республика аумағында "қауіп төндіретін" дрондардың атып түсірілгенін айтты. Оның айтуынша, елдің әуе шекарасын 19 дрон кесіп өткен. Саясаткер болған жағдай үшін Мәскеуді айыптады.Ресейдің Варшавадағы уақытша сенімді өкілі Андрей Ордаш Польша Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, бірақ оған құлаған ұшқышсыз ұшақтардың Ресейден шыққаны туралы дәлел ұсынылмады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23572317_339:0:3000:1996_1920x0_80_0_0_9aa194b2b45ef2576868d024164dacee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина сыртқы істер министрлігі елге поляк әскері келетінін хабарлады
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Поляк әскері Украинаға 18 қыркүйекте келеді, деп хабарлады елдің сыртқы істер министрі Андрей Сибига. Бұл туралы
РБК Украина жазды.
"Біз бейсенбі күні Польшадан әскери делегация келеді деп күтіп отырмыз, олар біздің әскермен жұмыс істейді", - деді ол.
Сибига сонымен бірге Польшадағы дрондарға қатысты оқиғаны ойға алып, бүгінде "мұндай қиындықтарға қарсы тұруға қажетті тәжірибе Украинада ғана бар" деп мәлімдеді.
Бейсенбі күні Польша премьер-министрі Дональд Туск поляк әскері Владимир Зеленскийдің шақыруымен Украинаға дрондарды атып түсіруді үйрену үшін баратынын айтты.
Кейін Польшаның Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, Украинаға әскер жіберу туралы ақпаратты жоққа шығарды. Польша Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Цезари Томчик Варшава Украинаға дрондарды жою бойынша оқу-жаттығу өткізу үшін өз әскерін жіберетіні туралы ақпаратты жапқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, "бұл беруге болатын ақпарат емес".
Сәрсенбі күні Польша премьер-министрі Дональд Туск республика аумағында "қауіп төндіретін" дрондардың атып түсірілгенін айтты. Оның айтуынша, елдің әуе шекарасын 19 дрон кесіп өткен. Саясаткер болған жағдай үшін Мәскеуді айыптады.
Ресейдің Варшавадағы уақытша сенімді өкілі Андрей Ордаш Польша Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, бірақ оған құлаған ұшқышсыз ұшақтардың Ресейден шыққаны туралы дәлел ұсынылмады.