"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" көлік дәлізінің бойында заманауи қонақ үй ашылды

Жамбыл облысында республикалық жол бойында заманауи қонақүй ашылды
Жамбыл облысында республикалық жол бойында заманауи қонақүй ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Жазылу
Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1500-ге жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді
АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Жамбыл облысының Меркі ауданында халықаралық маңызы бар "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" көлік дәлізінің бойында алғашқы заманауи шағын қонақүй пайдалануға берілді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1500-ге жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді.
Жамбыл облысында республикалық жол бойында заманауи қонақүй ашылды
Жамбыл облысында республикалық жол бойында заманауи қонақүй ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Жамбыл облысында республикалық жол бойында заманауи қонақүй ашылды
"Олардың қатарында жанармай құю стансалары, техникалық қызмет көрсету пункттері, шағын қонақүйлер, асханалар, мейманханалар, сондай-ақ электр көліктерін қуаттау стансалары бар. Қызмет сапасын арттыру мақсатында 150-ден астам жылы санитарлық-гигиеналық торап орнатылды", - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл облысы аумағы арқылы өтетін халықаралық және республикалық маңызы бар күре жолдар ел экономикасының дамуына және транзиттік әлеуеттің артуына ықпал етіп отыр, дейді әкімдіктегілер.
Жалпы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" дәлізі Еуразия кеңістігін жалғайтын стратегиялық артерия саналады. Оның бойындағы әрбір сапалы сервис нүктесі – өңірге құйылған инвестиция, жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік және жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына қосылған үлес.
Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды
Жаңалықтар
0