https://sputnik.kz/20250918/askerge-shaqyrylgan-sarbaz-koz-zhumdy---marqumnyn-otbasy-toqaevqa-otinish-bildirdi-57183714.html
Әскерге шақырылған сарбаз көз жұмды - марқұмның отбасы Тоқаевқа өтініш білдірді
Әскерге шақырылған сарбаз көз жұмды - марқұмның отбасы Тоқаевқа өтініш білдірді
Sputnik Қазақстан
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберді 18.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-18T14:53+0500
2025-09-18T14:53+0500
2025-09-18T14:54+0500
әскери қызметкер
қазақстанның қарулы күштері
сарбаз
https://sputnik.kz/img/07e9/09/12/57182735_0:0:587:330_1920x0_80_0_0_1adf9ce43e00da0a8a4a1b33dd86b037.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде армияға шақырылған жас сарбаз қайтыс болды, деп хабарлады Қазақстанның Құрлық әскерлері қолбасшылығы.Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі оқиғаны суицид деп атады.Әскерилер сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетуге уәде берді.Әскерге шақырылған марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаева әлеуметтік желіде марқұм жайында жазды.Екеуі де Отарда әскерге қабылданған, бірақ ант қабылдағаннан кейін Дінмұхамед Мәтібұлақтағы басқа әскери бөлімге жіберіліп, 19 жастағы жігіт осы әскери бөлімде көз жұмды."Еңбекқор, мейірімді, болашаққа деген арманы бар еді... Оның өлімін өз-өзіне қол жұмсау деп түсіндіріп жатқанына жүрегіміз ауырып тұр, бұған сене алмаймыз", - деп жазды әпкесі.Марқұмның туыстары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайғылы оқиғаны тергеуді қадағалауды сұрап, өтініш білдірді. Себебі олар өз-өзіне қол жұмсау туралы мәлімдемемен келіспейді.
https://sputnik.kz/20250704/askerge-ketkenine-bir-ay-tolmagan-sarbaz-psikhikalyq-nauqastar-aurukhanasyna-tusti-55366926.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/12/57182735_0:0:587:440_1920x0_80_0_0_a7b4dc0dde6d86687f786448457c30e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, қазақстанның қарулы күштері, сарбаз
әскери қызметкер, қазақстанның қарулы күштері, сарбаз
Әскерге шақырылған сарбаз көз жұмды - марқұмның отбасы Тоқаевқа өтініш білдірді
14:53 18.09.2025 (жаңартылды: 14:54 18.09.2025) Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберді
АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде армияға шақырылған жас сарбаз қайтыс болды, деп хабарлады Қазақстанның Құрлық әскерлері қолбасшылығы.
Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі оқиғаны суицид деп атады.
"Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының нұсқауы бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жөнелтілді", - делінген хабарламада.
Әскерилер сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетуге уәде берді.
Әскерге шақырылған марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаева әлеуметтік желіде марқұм жайында жазды.
"Былтыр күзде інім Шынарбек Даниял әскерге аттанды. Көктемде оның соңынан егіз інісі Шынарбек Дінмұхамед аттанып, елге бірге қызмет еткісі келді", - делінген хабарламада.
Екеуі де Отарда әскерге қабылданған, бірақ ант қабылдағаннан кейін Дінмұхамед Мәтібұлақтағы басқа әскери бөлімге жіберіліп, 19 жастағы жігіт осы әскери бөлімде көз жұмды.
"Еңбекқор, мейірімді, болашаққа деген арманы бар еді... Оның өлімін өз-өзіне қол жұмсау деп түсіндіріп жатқанына жүрегіміз ауырып тұр, бұған сене алмаймыз", - деп жазды әпкесі.
Марқұмның туыстары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайғылы оқиғаны тергеуді қадағалауды сұрап, өтініш білдірді. Себебі олар өз-өзіне қол жұмсау туралы мәлімдемемен келіспейді.