https://sputnik.kz/20250704/askerge-ketkenine-bir-ay-tolmagan-sarbaz-psikhikalyq-nauqastar-aurukhanasyna-tusti-55366926.html
Әскерге кеткеніне бір ай толмаған сарбаз психикалық науқастар ауруханасына түсті
Әскерге кеткеніне бір ай толмаған сарбаз психикалық науқастар ауруханасына түсті
Sputnik Қазақстан
Анасының айтуынша, әскерге кеткен бала бір аптада адам танымастай өзгерген 04.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-04T17:53+0500
2025-07-04T17:53+0500
2025-07-04T21:32+0500
әскери қызметкер
сарбаз
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1d/38887733_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_1eb89605b627dbbb5fc59399269f0f47.jpg
АСТАНА, 4 шілде - Sputnik. Алматы облысы Талғар қаласының 2007 жылғы тумасы Арманжан Арықбай әскерге барған күні есінен танып құлап қалған. Баламды күшпен алып кетті деген анасы бір аптада баланың ауруханадан бір-ақ шыққанын айтады. Оқиға қалай болғанын Sputnik Қазақстан тілшісі анықтады.Арманжанның анасы Фарида Қажымұратованың айтуынша, баласын сауда үйінің алдынан әскерге күштеп алып кеткен. Қонаевтағы әскери комиссариатта болып, екі күннен соң жас сарбаз Тараздағы әскери бөлімге аттанады. Пойыздан түсіп, сапқа тұрған бойда Арманжан есінен танып құлаған.Анасының айтуынша, әскерге кеткен бала бір аптада адам танымастай өзгерген."Көзі дір-дір етіп, жас аға береді. "Балам, бір жерің ауырып тұр ма, неге жылап тұрсың" деп сұрап ем, "ауырмайды, қорқам, қорқам" деп айта берді. Жүйке жүйесіне оңбай соққы тиген. Арманжан ашық жарқын, ақкөңіл бала. Қазір мүлдем адам танымастай өзгерген. Аяқ-қолы дір-дір етеді. Әскери киімдегі адамды көрсе бұқпантайлап, басын көтермейді. Балам 180 градусқа өзгеріп кеткен", - дейді анасы.Алматыдағы Ұлттық ұланда сарбазды тексерген дәрігерлер Фаридаға қорқатын қауіп жоқ деген."Баланың басында ісік бар деп маған жауап жіберді. 3 шілдеде баламды көрейін деп Алматыдағы лазаретке барып ем, бала тексерілу үшін басқа жаққа кетті деді. Мен үш сағат сонда күтіп, дәрігерден сұрап ем, "сіздің балаңызды псих-диспансерге жатқызып келдім" дейді. Сонда менің ешбір рұқсатымсыз жүйке-жүйесі ауыратындардың ауруханасына неге жатқызған? Неге маған бір ауыз айтып ескертпеді? Балам тірі ме, өлі ме өзі, әлі білмеймін", - дейді анасы.Фарида баласын іздеп ауруханаға барған. Алайда есігінен кіре алмаған. Жұмыс уақыты аяқталып, аурухана басшылығымен тілдесуге мүмкіндік болмаған.Фарида Қажымұратова ІІ топтағы мүгедек, көзі нашар көреді. Баламды іздеп, қарыс-қадам жүрудің өзі мұң болып отыр, дейді ана.Ұлттық ұлан сарбазды құрысу ұстамасы қысып, ол дереу медициналық мекемеге жеткізілген.Ұлттық ұланның мәліметінше, қазіргі уақытта ол Алматы қаласындағы Республикалық психикалық денсаулық орталығында тексеруден өтіп жатыр."Жағдайы қанағаттанарлық, тереңдетілген медициналық тексеру жүргізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Ұлттық ұландағылар.Арманжанның отбасында үш бала бар, екі ұл, бір қыз. Бұған дейін еш жерде төбелесіп, басынан соққы алмаған баласының болашағына анасы алаңдап отыр.
https://sputnik.kz/20250418/otarda-sarbaz-komaga-tusti-kinali-serzhantqa-ukim-shyqty-52613562.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1d/38887733_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_5e57d0b7fc5b2f875440616d8a134d58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
әскери қызметкер, сарбаз
Әскерге кеткеніне бір ай толмаған сарбаз психикалық науқастар ауруханасына түсті
17:53 04.07.2025 (жаңартылды: 21:32 04.07.2025) Анасының айтуынша, әскерге кеткен бала бір аптада адам танымастай өзгерген
АСТАНА, 4 шілде - Sputnik. Алматы облысы Талғар қаласының 2007 жылғы тумасы Арманжан Арықбай әскерге барған күні есінен танып құлап қалған. Баламды күшпен алып кетті деген анасы бір аптада баланың ауруханадан бір-ақ шыққанын айтады. Оқиға қалай болғанын
Sputnik Қазақстан тілшісі анықтады.
Арманжанның анасы Фарида Қажымұратованың айтуынша, баласын сауда үйінің алдынан әскерге күштеп алып кеткен. Қонаевтағы әскери комиссариатта болып, екі күннен соң жас сарбаз Тараздағы әскери бөлімге аттанады. Пойыздан түсіп, сапқа тұрған бойда Арманжан есінен танып құлаған.
"Тараздағы 5513 әскери бөлімі бір аптадан соң баламды Алматыға қайта қайтарды. Ұлттық ұланның әскери бөліміне әкеліп, балам тексеруден өтті. Сол кезде кездестім. Баламның айтуынша, Қонаевтағы әскери комиссариатта оны Әлішер есімді әскери ұрған. Сол күні Арманжан сияқты тағы бір жігітті сол комиссариатқа күштеп алып келіпті. Жаңағы Әлішер "мынаны көндіріп қойыңдар, әйтпесе бәріңді ұрамын" деген. Бірақ жаңағы күшпен келген бала көнбеген. Содан Әлішер келіп бәрін бастан ұрған. Арманжан сол жерде құлап қалған", - дейді Фарида Қажымұратова.
Анасының айтуынша, әскерге кеткен бала бір аптада адам танымастай өзгерген.
"Көзі дір-дір етіп, жас аға береді. "Балам, бір жерің ауырып тұр ма, неге жылап тұрсың" деп сұрап ем, "ауырмайды, қорқам, қорқам" деп айта берді. Жүйке жүйесіне оңбай соққы тиген. Арманжан ашық жарқын, ақкөңіл бала. Қазір мүлдем адам танымастай өзгерген. Аяқ-қолы дір-дір етеді. Әскери киімдегі адамды көрсе бұқпантайлап, басын көтермейді. Балам 180 градусқа өзгеріп кеткен", - дейді анасы.
Алматыдағы Ұлттық ұланда сарбазды тексерген дәрігерлер Фаридаға қорқатын қауіп жоқ деген.
"Баланың басында ісік бар деп маған жауап жіберді. 3 шілдеде баламды көрейін деп Алматыдағы лазаретке барып ем, бала тексерілу үшін басқа жаққа кетті деді. Мен үш сағат сонда күтіп, дәрігерден сұрап ем, "сіздің балаңызды псих-диспансерге жатқызып келдім" дейді. Сонда менің ешбір рұқсатымсыз жүйке-жүйесі ауыратындардың ауруханасына неге жатқызған? Неге маған бір ауыз айтып ескертпеді? Балам тірі ме, өлі ме өзі, әлі білмеймін", - дейді анасы.
Фарида баласын іздеп ауруханаға барған. Алайда есігінен кіре алмаған. Жұмыс уақыты аяқталып, аурухана басшылығымен тілдесуге мүмкіндік болмаған.
Фарида Қажымұратова ІІ топтағы мүгедек, көзі нашар көреді. Баламды іздеп, қарыс-қадам жүрудің өзі мұң болып отыр, дейді ана.
Ұлттық ұлан сарбазды құрысу ұстамасы қысып, ол дереу медициналық мекемеге жеткізілген.
"5513 әскери бөлімінің оқу пунктінде мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметші 17 маусым күні құрысу ұстамасы қысып, дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Өзінің айтуынша, әскерге шақырылғанға дейін ол басынан жарақат алған, содан кейін осындай жағдайлар анда-санда байқалып отырған", - дейді Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығындағылар.
Ұлттық ұланның мәліметінше, қазіргі уақытта ол Алматы қаласындағы Республикалық психикалық денсаулық орталығында тексеруден өтіп жатыр.
"Жағдайы қанағаттанарлық, тереңдетілген медициналық тексеру жүргізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Ұлттық ұландағылар.
Арманжанның отбасында үш бала бар, екі ұл, бір қыз. Бұған дейін еш жерде төбелесіп, басынан соққы алмаған баласының болашағына анасы алаңдап отыр.