https://sputnik.kz/20250418/otarda-sarbaz-komaga-tusti-kinali-serzhantqa-ukim-shyqty-52613562.html
Отарда сарбаз комаға түсті: кінәлі деп танылған сержантқа үкім шықты
Отарда сарбаз комаға түсті: кінәлі деп танылған сержантқа үкім шықты
Sputnik Қазақстан
Сотта прокурор Дінмұхамед Спатай сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған 18.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-18T16:43+0500
2025-04-18T16:43+0500
2025-04-18T17:54+0500
сот
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52616089_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_8727d92e6a11cdd44fed286a6c806653.jpg
АСТАНА, 18 сәуір - Sputnik. Отардағы №30212 әскери бөлімінде комаға түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бір жылға жуық уақытқа созылып, судьядан судьяның қолына ауысқан қылмыстық іске нүкте қойылды. Әскери борышын өтеуге барып, комаға түскен Нұржігіт Әбділпаттаны ұрды деп айып тағылған адам - кіші сержант Дастан Тұрлан.Әбділпатта жағдайы ауырлап, аурухана түскенде қабылдаған дәрігерлерден де сот кезінде жауап алынған болатын. Алайда ақ халаттылар диагнозды айна қатесіз бірдей етіп көшіргені белгілі болды.Сотта прокурор Дінмұхамед Спатай сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.Сот отырысында сотталушы Дастан Тұрлан кінәлі емес екенін айтумен болды.Сотталушының адвокаттары да Нұржігіт Әбділпаттаны Тұрлан ұрмағанын, оқиға болған сәтте оның қару қабылдап жатқанын айтты. Адвокаттардың айтуынша, әскери комиссариат дімкәс жігітті әскерге алып, қателікті әу баста жіберген. Сондай-ақ тергеу дұрыс жүргізілмеген. Сарбаздың ауруына соққы емес, бірнеше шақырым жүрген жол себеп болған. Өйткені Әбділпаттаның өкпесі әскерге дейін ауырған, дейді адвокаттар.Сот үкімімен сарбазды ұрып, комаға түсірді деп айыпталған кіші сержант Дастан Тұрлан Қылмыстық Кодекстің 461 бап, 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді. Тұрлан сот залынан қамауға алынды. Әбділпаттаға сотталушы 2,5 млн теңге шығын өтейді.Айта кетейік, Нұржігіт Әбділпаттаның жасы 20-да. Бір отбасының жалғыз баласы. Нұржігіт сөз байласқан қызы барын, жақында үйленетінін айтты.
https://sputnik.kz/20250407/men-urmadym-otarda-komaga-tusken-sarbazdyn-soty-qayta-otedi---52270285.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52616089_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_6bb7dd0b6a24ada773669b421c31ee24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот
Отарда сарбаз комаға түсті: кінәлі деп танылған сержантқа үкім шықты
16:43 18.04.2025 (жаңартылды: 17:54 18.04.2025) Сотта прокурор Дінмұхамед Спатай сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған
АСТАНА, 18 сәуір - Sputnik. Отардағы №30212 әскери бөлімінде комаға түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бір жылға жуық уақытқа созылып, судьядан судьяның қолына ауысқан қылмыстық іске нүкте қойылды. Әскери борышын өтеуге барып, комаға түскен Нұржігіт Әбділпаттаны ұрды деп
айып тағылған адам - кіші сержант Дастан Тұрлан.
Әбділпатта жағдайы ауырлап, аурухана түскенде қабылдаған дәрігерлерден де сот кезінде
жауап алынған болатын. Алайда ақ халаттылар диагнозды айна қатесіз бірдей етіп көшіргені белгілі болды.
Сотта прокурор Дінмұхамед Спатай сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Сот отырысында сотталушы Дастан Тұрлан кінәлі емес екенін айтумен болды.
Сотталушының адвокаттары да Нұржігіт Әбділпаттаны Тұрлан ұрмағанын, оқиға болған сәтте оның қару қабылдап жатқанын айтты. Адвокаттардың айтуынша, әскери комиссариат дімкәс жігітті әскерге алып, қателікті әу баста жіберген. Сондай-ақ тергеу дұрыс жүргізілмеген. Сарбаздың ауруына соққы емес, бірнеше шақырым жүрген жол себеп болған. Өйткені Әбділпаттаның өкпесі әскерге дейін ауырған, дейді адвокаттар.
Сот үкімімен сарбазды ұрып, комаға түсірді деп айыпталған кіші сержант Дастан Тұрлан Қылмыстық Кодекстің 461 бап, 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді. Тұрлан сот залынан қамауға алынды. Әбділпаттаға сотталушы 2,5 млн теңге шығын өтейді.
Айта кетейік, Нұржігіт Әбділпаттаның жасы 20-да. Бір отбасының жалғыз баласы. Нұржігіт сөз байласқан қызы барын, жақында үйленетінін айтты.