https://sputnik.kz/20250917/almaty-manyndagy-ortti-sondiruge-5-oblystyn-tzhd-kushteri-tartyldy-57122944.html
Алматы маңындағы өртті сөндіруге 5 облыстың ТЖД күштері тартылды
Алматы маңындағы өртті сөндіруге 5 облыстың ТЖД күштері тартылды
Sputnik Қазақстан
Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылды 17.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-17T11:53+0500
2025-09-17T11:53+0500
2025-09-17T11:53+0500
алматы
өрт
қоқыс
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57115797_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_0a12bbe218609b736b1a1d90b319c8b3.jpg
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматы маңындағы қоқыс полгионында өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша кеше кешке өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев келді. Іс-қимылдарды үйлестіру оқиға орнында да, ТЖМ Командалық орталығынан да жүргізіліп жатыр. Полигонда өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүзеге асыратын жедел штаб құрылды.Өртті сөндіруге 11 өрт оқпаны және 1 тасымалды лафетті оқпан берілді. Өртті сөндіру өрт жүктемесімен, 10 метр тереңдіктегі бықсумен және жел бағытының өзгеруімен күрделеніп жатыр.Өртті сөндіруге Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мартбек Мамраев атындағы 52859 және Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қосымша жұмылдырылды.Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылды.Өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шаралар ТЖМ күшімен тәулік бойы орындалып жатыр. Күндіз-түні құтқарушылар ошақтарды инертті материалдармен толтырып, топырақты тығыздау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл әдіс оттың бықсуын оттегінің қолжетімділігін толығымен жауып, өрттің түпкілікті жойылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250906/mangystaudagy-bitum-zauytynan-ort-shyqty-56866700.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57115797_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_883959d1180a0fa6931107af3e2376e5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, өрт, қоқыс
Алматы маңындағы өртті сөндіруге 5 облыстың ТЖД күштері тартылды
Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылды
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматы маңындағы қоқыс полгионында өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша кеше кешке өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев келді. Іс-қимылдарды үйлестіру оқиға орнында да, ТЖМ Командалық орталығынан да жүргізіліп жатыр. Полигонда өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүзеге асыратын жедел штаб құрылды.
"Өртті сөндірудің 6 учаскесі құрылды. Өрт орнында "Терең-Қара" өзенінен ашық су көзіне автомобиль-сорғы жеңін орнату арқылы магистральдық желі тартылып, суды үздіксіз жеткізу ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға 6 бірлік техника: бір автомобиль-сорғы жеңі және 5 автоцистерна жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіруге 11 өрт оқпаны және 1 тасымалды лафетті оқпан берілді. Өртті сөндіру өрт жүктемесімен, 10 метр тереңдіктегі бықсумен және жел бағытының өзгеруімен күрделеніп жатыр.
Өртті сөндіруге Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мартбек Мамраев атындағы 52859 және Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қосымша жұмылдырылды.
Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шаралар ТЖМ күшімен тәулік бойы орындалып жатыр. Күндіз-түні құтқарушылар ошақтарды инертті материалдармен толтырып, топырақты тығыздау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл әдіс оттың бықсуын оттегінің қолжетімділігін толығымен жауып, өрттің түпкілікті жойылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.