https://sputnik.kz/20250916/toqaev-zhenildetilgen-qarzhylandyrudyn-arnayy-bagdarlamasyn-iske-qosudy-tapsyrdy-57107297.html
Тоқаев жеңілдетілген қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды
Тоқаев жеңілдетілген қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Былтырдан бастап жетілдірілген минералды тыңайтқыштарды субсидиялау тетігі тиімділігін көрсетті, деді президент 16.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-16T14:52+0500
2025-09-16T14:52+0500
2025-09-16T14:53+0500
ақмола облысы
ауыл шаруашылығы
қаржыландыру
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57101470_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_51de74b4bea8cccc40600f917c87c819.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев элеваторларды жаңғырту үшін жеңілдетілген қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қосуға тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мемлекет басшысы бүгін Зерендіде егін жинау науқанына арналған кеңес өткізіп, жиналған өнімді тиісінше сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сбебі мұндай орындардың тапшылығы байқалады.Оның айтуынша, сапалы тұқым дайындауға баса назар аударған жөн. Бұдан бөлек, отандық нарықты өзімізде шығарылған тұқыммен қамтамасыз етудің нақты қадамдары керек."Былтырдан бастап жетілдірілген минералды тыңайтқыштарды субсидиялау тетігі тиімділігін көрсетті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында тұқым өндірісі бойынша мемлекеттік қолдаудың баламалы шараларын енгізу міндеті тұр. Жалпы, егін шаруашылығында жақсы нәтижеге қол жеткізгенімізді атап өткен дұрыс. Бұл ауыл шаруашылығының аралас салаларына оң әсер етіп отыр", – деді президент.Айта кетері, жиынға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс арқылы қосылды.
https://sputnik.kz/20250916/auyl-sharuashylygyna-tsifrlyq-tekhnologiyany-tezdetip-engizu-kerek---toqaev-57107037.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57101470_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ee1effbaffa213597a32fe6826da450b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, ауыл шаруашылығы, қаржыландыру
ақмола облысы, ауыл шаруашылығы, қаржыландыру
Тоқаев жеңілдетілген қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды
14:52 16.09.2025 (жаңартылды: 14:53 16.09.2025) Былтырдан бастап жетілдірілген минералды тыңайтқыштарды субсидиялау тетігі тиімділігін көрсетті, деді президент
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев элеваторларды жаңғырту үшін жеңілдетілген қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қосуға тапсырма берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Мемлекет басшысы бүгін Зерендіде егін жинау науқанына арналған кеңес өткізіп, жиналған өнімді тиісінше сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сбебі мұндай орындардың тапшылығы байқалады.
"Заманауи элеваторларды салуға және оларды ұстап тұруға қомақты инвестиция қажет екені анық. Сондықтан элеваторларды жаңғырту үшін жеңілдетілген қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қосу керек", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, сапалы тұқым дайындауға баса назар аударған жөн. Бұдан бөлек, отандық нарықты өзімізде шығарылған тұқыммен қамтамасыз етудің нақты қадамдары керек.
"Былтырдан бастап жетілдірілген минералды тыңайтқыштарды субсидиялау тетігі тиімділігін көрсетті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында тұқым өндірісі бойынша мемлекеттік қолдаудың баламалы шараларын енгізу міндеті тұр. Жалпы, егін шаруашылығында жақсы нәтижеге қол жеткізгенімізді атап өткен дұрыс. Бұл ауыл шаруашылығының аралас салаларына оң әсер етіп отыр", – деді президент.
Айта кетері, жиынға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс арқылы қосылды.