Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы қандай - статистика

© Photo : Правовой портал ЕАЭСЕАЭО символдары
ЕАЭО символдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Жазылу
Республикадан экспорттың негізгі құрамдас бөлігін шикі мұнай және мұнай өнімдері құрайды
АСТАНА, 16 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы елдің сыртқы сауда айналымына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінің үлкен үлесі Ресей Федерациясына тиесілі – 88,9%, одан кейін:
Қырғызстан – 7,2%;
Беларусь – 3,8%;
Армения – 0,2%.
Жеті айда экспортталған тауарлардың негізгі үлесін мынандай тауарлар құрады:
шикі мұнай және битумды минералдардан алынған шикі мұнай өнімдері – 52,3%;
тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары – 5,2%.
Сондай-ақ химиялық радиоактивті элементтер мен радиоактивті изотоптар, мыс кендері мен концентраттары, ферроқорытпалар бар.
Импорт бойынша ең көп үлес жеңіл автомобильдерге – 4,4%, дәрілік заттарға – 3,3%, автокөліктерге арналған кузовтарға – 2,3% тиесілі.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2025
ЕАЭО өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпаратты іздеу қызметін іске қосады
Жаңалықтар
0