https://sputnik.kz/20250915/eaeo-onerkasiptik-menshik-obektileri-turaly-aqparatty-izdeu-qyzmetin-iske-qosady-57087201.html
ЕАЭО өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпаратты іздеу қызметін іске қосады
ЕАЭО өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпаратты іздеу қызметін іске қосады
Sputnik Қазақстан
Негізгі мақсат – "бір терезе" қағидаты бойынша ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуге мүмкіндік жасау 15.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-15T21:38+0500
2025-09-15T21:38+0500
2025-09-15T21:38+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163036_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_b8692e439ff92afbdee7d387d40da5b8.jpg
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ЕАЭО елдерінде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпаратты іздеу үшін сервис құру туралы келісімнің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.Өнеркәсіптік меншік объектілері – өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер.Жоба қол қоюға қажетті рәсімдерден өту үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жіберілді.Бұл құжат 2025 стратегиясын іске асыру шеңберінде дайындалған.Жаңа сервис Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде қорғалатын тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық көрсеткіштер және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы мәліметті біріктіретін ортақ ақпараттық ресурс құруға жағдай жасайды.Негізгі мақсат – құқық иелеріне, бизнеске, патенттік сенім білдірілген өкілдерге және мемлекеттік органдарға "бір терезе" қағидаты бойынша ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163036_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_e1e3fe0556189cefc45e45be235d84b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпаратты іздеу қызметін іске қосады
Негізгі мақсат – "бір терезе" қағидаты бойынша ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуге мүмкіндік жасау
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ЕАЭО елдерінде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпаратты іздеу үшін сервис құру туралы келісімнің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.
Өнеркәсіптік меншік объектілері – өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер.
"Бұл қызмет – техникалық шешім ғана емес, бұл бүкіл Одақ кеңістігіндегі инновациялар мен адал бәсекелестікті қорғауға тікелей инвестиция. Ол тауар белгісінің бірегейлігін немесе тауар шығарылатын жердің атауын тіркеуді тексеру кезінде уақыт пен қаржылық шығынды едәуір қысқартуға, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов.
Жоба қол қоюға қажетті рәсімдерден өту үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жіберілді.
Бұл құжат 2025 стратегиясын іске асыру шеңберінде дайындалған.
Жаңа сервис Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде қорғалатын тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық көрсеткіштер және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы мәліметті біріктіретін ортақ ақпараттық ресурс құруға жағдай жасайды.
Негізгі мақсат – құқық иелеріне, бизнеске, патенттік сенім білдірілген өкілдерге және мемлекеттік органдарға "бір терезе" қағидаты бойынша ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ету.