https://sputnik.kz/20250916/2000-oqushy-mektepke-aren-qatynap-zhur-almaty-oblysyndagy-problema-qalay-sheshildi-57106699.html
2000 оқушы мектепке әрең қатынап жүр: Алматы облысындағы проблема қалай шешілді
2000 оқушы мектепке әрең қатынап жүр: Алматы облысындағы проблема қалай шешілді
Sputnik Қазақстан
16 қыркүйектен бастап қосымша үш автобус жолға шығарылады 16.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-16T14:12+0500
2025-09-16T14:12+0500
2025-09-16T14:32+0500
алматы
мектеп
автобус
https://sputnik.kz/img/07e7/03/11/33026033_0:73:1392:856_1920x0_80_0_0_cc27e0eff236825efa2781cda6ec5796.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданының саяжай тұрғындары мектепке қатынау проблемасын айтып, ереуілге шықты. Кеше уайымға батқан ата-аналардың мәселесі бір күн өтпей шешілді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтты.Баласының мектепке қатынай алмай жүргенін айтып аттандаған - саяжай тұрғындары. Айтуларынша, 2000-ға жуық оқушы бес мектепке қатынап оқиды. Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым келіп, жергілікті тұрғындармен кездескен. Кездесу барысында ол нақты шараларды таныстырды. Сонымен 14 саяжайдан құралған үлкен ауылдың мәселесі қалай шешілді:Sputnik Қазақстан тілшісі саяжай тұрғындарына да хабарласты. Ата-аналардың қуанышы қойындарына сыймай, жақсы жаңалықтарын жарыса айтып жатыр."Сондай ризамыз, біз үшін үлкен бір проблемамыз шешілді. Кеше біз шулап мектеп сұрағанда басшылар келді. Барлық мәселе шешіледі деді. Біздің мұңымызды тыңдаған бар маманға алғыс айтамыз", - деді Сокол - Мерей саяжайларының тұрғындары.Еске сала кетейік, Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына түсіп, екі адам қайтыс болды. Бұл оқиғадан соң 14 саяжайдан құралған ауылдың тұрғындары мектеп сұрап, ереуілге шықты.
https://sputnik.kz/20250915/almaty-oblysynda-2000-oqushy-shalgaydagy-mektepke-baruga-mazhbur-video-57085386.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/11/33026033_78:0:1315:928_1920x0_80_0_0_40ad8431aaf618e98c12fd2d64e6f336.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы, мектеп, автобус
2000 оқушы мектепке әрең қатынап жүр: Алматы облысындағы проблема қалай шешілді
14:12 16.09.2025 (жаңартылды: 14:32 16.09.2025) 16 қыркүйектен бастап қосымша үш автобус жолға шығарылады
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданының саяжай тұрғындары мектепке қатынау проблемасын айтып, ереуілге шықты. Кеше уайымға батқан ата-аналардың мәселесі бір күн өтпей шешілді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтты.
Баласының мектепке қатынай алмай жүргенін айтып аттандаған - саяжай тұрғындары. Айтуларынша, 2000-ға жуық оқушы бес мектепке қатынап оқиды. Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым келіп, жергілікті тұрғындармен кездескен. Кездесу барысында ол нақты шараларды таныстырды. Сонымен 14 саяжайдан құралған үлкен ауылдың мәселесі қалай шешілді:
16 қыркүйектен бастап қосымша үш автобус жолға шығарылады;
маршрут 1,5 шақырымға ұзартылып, тұрғын алабына жақындатылды.
"2026 жылы бұл саяжай ауылдық округ мәртебесі беріледі. Бұл қадам әлеуметтік нысандар салуға мүмкіндік жасайды. Жергілікті белсенділер облыс басшылығына олардың өтініштеріне назар аударғаны үшін алғыс білдірді", - дейді облыстық білім басқармасы.
Sputnik Қазақстан тілшісі саяжай тұрғындарына да хабарласты. Ата-аналардың қуанышы қойындарына сыймай, жақсы жаңалықтарын жарыса айтып жатыр.
"Сондай ризамыз, біз үшін үлкен бір проблемамыз шешілді. Кеше біз шулап мектеп сұрағанда басшылар келді. Барлық мәселе шешіледі деді. Біздің мұңымызды тыңдаған бар маманға алғыс айтамыз", - деді Сокол - Мерей саяжайларының тұрғындары.
Еске сала кетейік, Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына түсіп, екі адам қайтыс болды. Бұл оқиғадан соң 14 саяжайдан құралған ауылдың тұрғындары мектеп сұрап, ереуілге шықты.