https://sputnik.kz/20250915/almaty-oblysynda-2000-oqushy-shalgaydagy-mektepke-baruga-mazhbur-video-57085386.html
Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектепке баруға мәжбүр (ВИДЕО)
Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектепке баруға мәжбүр (ВИДЕО)
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының Іле ауданында қатар орналасқан 14 саяжайда тұратын 1700-ден астам оқушы мектепке қиындықпен қатынап жүр... 15.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-15T17:36+0500
2025-09-15T17:36+0500
2025-09-15T17:36+0500
алматы облысы
мектеп
видео
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0f/57086691_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_05aeef33af59ac6e96d26ab1fd3aedff.jpg
АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының Іле ауданында қатар орналасқан 14 саяжайда тұратын 1700-ден астам оқушы мектепке қиындықпен қатынап жүр. Ереуілге шыққан елді мекенның мұңын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Кезінде аядай ғана болған Сокол - Мерей саяжайының бүгінде ауқымы үлкейген. Мұнда шамамен 14 саяжай бар. Тұрғындары туралы нақты дерек жоқ, бірақ 2000 оқушы бар. Бүгін мектеп сұраған тұрғындар ереуілге шықты.Балаларды таситын автобус жеткіліксіз. Балалар сыймай қалады.Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сұрайтыны – мектеп.Халықтың базынасын тыңдауға Ақсу ауылдық округінің әкімі келді. Бірақ журналистерге атын да айтпады, жауап беруден де түбегейлі бас тартты.Әкімнің айтуынша, мектеп жоспарда бар, бірақ қазір салынбайды.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0f/57086691_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_a0e06777cb2e7dc170a6568c0bc36a0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, мектеп
Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектепке баруға мәжбүр (ВИДЕО)
АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының Іле ауданында қатар орналасқан 14 саяжайда тұратын 1700-ден астам оқушы мектепке қиындықпен қатынап жүр. Ереуілге шыққан елді мекенның мұңын
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Кезінде аядай ғана болған Сокол - Мерей саяжайының бүгінде ауқымы үлкейген. Мұнда шамамен 14 саяжай бар. Тұрғындары туралы нақты дерек жоқ, бірақ 2000 оқушы бар. Бүгін мектеп сұраған тұрғындар ереуілге шықты.
"Бізге мектеп керек. 2 мыңға жуық бала мектепке дұрыстап қатынай алмай жүрміз. 5 мектепке бөлініп оқиды. Ол мектептердің бірі осы жерден 15 шақырым жерде орналасқан. Мектепке барып білім алу бейнетке айналды", - дейді саяжай тұрғындары.
Балаларды таситын автобус жеткіліксіз. Балалар сыймай қалады.
"Бала біткенді "пресс" қып мінгізіп алады. Автобус өте аз. Бірнеше шақырым жерден тастап кетеді. Қыста балаларымыз қала" қатынайды сонда?", - дейді ауыл тұрғыны Жанат Салтұмбаева.
Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сұрайтыны – мектеп.
Халықтың базынасын тыңдауға Ақсу ауылдық округінің әкімі келді. Бірақ журналистерге атын да айтпады, жауап беруден де түбегейлі бас тартты.
"Журналистерге жауап бермеймін. Халық сұрағын қойсын, соларға сөйлеймін", - дейді Ақсу ауылдық округінің аты-жөні белгісіз әкімі.
Әкімнің айтуынша, мектеп жоспарда бар, бірақ қазір салынбайды.