https://sputnik.kz/20250915/zhezqazgan--qyzylorda-zholynda-ustalgan-eki-adam-12-zhylga-sottaluy-mumkin-57076621.html
"Жезқазған – Қызылорда" жолында ұсталған екі адам 12 жылға сотталуы мүмкін
"Жезқазған – Қызылорда" жолында ұсталған екі адам 12 жылға сотталуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде 43 және 27 жастағы екі адам ұсталды 15.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-15T12:25+0500
2025-09-15T12:25+0500
2025-09-15T12:40+0500
полиция
есірткі
жол
https://sputnik.kz/img/123/32/1233216_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_7404d5e612a72f3f450648ffaa72c30a.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Ұлытау облысында "Жезқазған – Қызылорда" тас жолында ұсталған көліктің ішінен ірі көлемдегі есірткі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Полицейлер "Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында "Mercedes-190" маркалы көлікті тоқтатқан. Ал жүксалғышын тексеру кезінде газ жабдығының астынан скотчпен оралған екі целлофан қап табылды. Ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат шыққан.Қара нарықтағы мұндай партияның бағасы шамамен 3 миллион теңгеге бағаланады.Қазіргі кезде 43 және 27 жастағы екі адам ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
https://sputnik.kz/20250725/qostanay-oblysynda-auyl-turgyny-uyinde-qaru-aulasynda-marikhuana-zhasyryp-kelgen-55923566.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/123/32/1233216_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_eb8f77632879af216d26887d1903dad6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, есірткі, жол
"Жезқазған – Қызылорда" жолында ұсталған екі адам 12 жылға сотталуы мүмкін
12:25 15.09.2025 (жаңартылды: 12:40 15.09.2025) Қазіргі кезде 43 және 27 жастағы екі адам ұсталды
АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Ұлытау облысында "Жезқазған – Қызылорда" тас жолында ұсталған көліктің ішінен ірі көлемдегі есірткі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полицейлер "Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында "Mercedes-190" маркалы көлікті тоқтатқан. Ал жүксалғышын тексеру кезінде газ жабдығының астынан скотчпен оралған екі целлофан қап табылды. Ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат шыққан.
"Сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 15 келі болатын марихуана екенін растады. Тергеу мәліметінше, есірткі басқа өңірлерден әкелініп, кейін сату үшін жоспарланған", - дейді полицейлер.
Қара нарықтағы мұндай партияның бағасы шамамен 3 миллион теңгеге бағаланады.
Қазіргі кезде 43 және 27 жастағы екі адам ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.