https://sputnik.kz/20250725/qostanay-oblysynda-auyl-turgyny-uyinde-qaru-aulasynda-marikhuana-zhasyryp-kelgen-55923566.html
Қостанай облысында ауыл тұрғыны үйінде қару, ауласында марихуана жасырып келген
Қостанай облысында ауыл тұрғыны үйінде қару, ауласында марихуана жасырып келген
Sputnik Қазақстан
Оның үстінен қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды 25.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-25T09:40+0500
2025-07-25T09:40+0500
2025-07-25T09:40+0500
қостанай облысы
марихуана
травматикалық қару
https://sputnik.kz/img/07e9/07/19/55923685_0:120:1281:840_1920x0_80_0_0_c4aaa5fb650ca73127b9ff07a4197573.jpg
АСТАНА, 25 шілде-Sputnik. Қостанай облысы Әйет ауылының тұрғынының үйінен қару, ауласынан марихуана табылды.Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Б. Майлин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 59 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның үйінен қолдан жасалған атыс қаруы, ал ауласынан марихуана өсімдіктері табылды.Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды.Полиция қару мен есірткіні заңсыз сақтау — ауыр қылмыс, ол үшін қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
https://sputnik.kz/20250529/aqmola-oblysynda-politsiya-iri-esirtki-zertkhanasyn-anyqtady-54042252.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/19/55923685_0:0:1279:959_1920x0_80_0_0_23b115b06a643ad946b5ebdcea6b42c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, марихуана, травматикалық қару
қостанай облысы, марихуана, травматикалық қару
Қостанай облысында ауыл тұрғыны үйінде қару, ауласында марихуана жасырып келген
Оның үстінен қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды
АСТАНА, 25 шілде-Sputnik. Қостанай облысы Әйет ауылының тұрғынының үйінен қару, ауласынан марихуана
табылды.
Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Б. Майлин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 59 жастағы тұрғыны ұсталды.
Оның үйінен қолдан жасалған атыс қаруы, ал ауласынан марихуана өсімдіктері табылды.
"Үйді тінту кезінде полицейлер қолдан жасалған қаруды тауып, тәркіледі. Сараптама оның ойық ұңғылы атыс қаруы екенін және атуға жарамды екенін анықтады. Бұдан басқа, ер адамның үй іргесіндегі учаскесінде алты түп марихуана өсіп тұрған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 11,5 килограммнан асты", - дейді облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды.
Полиция қару мен есірткіні заңсыз сақтау — ауыр қылмыс, ол үшін қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді.